Педагог күнделігі. Барақбаева Ләйлә » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог күнделігі. Барақбаева Ләйлә
03
май
2020

Педагог күнделігі. Барақбаева Ләйлә

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан жағдай білім саласында еңбек етіп жатқан қызметкерлерге, соның ішінде №30 мектеп-гимназиясының ұстаздарына да өз тәжірибесіне жаңаша қарау мүмкіндігін туғызды.
       Сәуір айының алғашқы күндерінен бастап №30 мектеп-гимназиясының  әкімшілігі, тоқсанды тиімді ұйымдастырудың жолдарын бағыттап, қашықтықтан оқытуға ұстаздар қауымына қолдау көрсетті. Міне, сол біріккен ұйымшылдықтың арқасында, қазіргі таңда мұғалімдер қауымы ешбір қиындықсыз жұмыс жасауда. Әрине, бас кезінде сұрақтар өте көп болды. Сабақты тиімді өтудің жолдарын іздеп, педагогтар бір-бірімен методикалық әдіс алмасты. Әрбір сабақты белгілі бір мерзімге сыйдырып жинақтау, үйде отырып әрбір оқушыға түсінікті етіп баяндау және әрбір оқушыға көңіл бөлу, оның көңіл-күйін тану, нағыз ұстаздар үшін шеберлік мектебіне қайта өткендей табанды талпыныс болды. Міне, қазіргі таңда сол талпыныс өз нәтижесін беруде. Себебі, педагогтардың сабақты жан-жақты түрлендіріп беруіне байланысты, білім алушылар тарапынан да кері байланыс өте жақсы. Оған дәлел, білім алушылардың берілген тапсырмаларды ыждахаттылықпен орындауы. Тіпті кейбір оқушылардың мектепте ашылмаған тұстарын да байқап жатырмыз. Көпшілікте көп сөз ала бермейтін оқушылар, дәл осы қашықтықтан оқыту кезінде өздерін еркін сезініп, ойларын анық дәптер бетіне түсіріп жатыр және оқушылардың ізденімдік қабілеттері де арта түскендей. Оған дәлел, білім алушылар тақырып бойынша өздігінен интернет желілері арқылы да керекті деректерді тауып, оны өздеріне  түртіп алуда. 
      Бұл-оқушы мен мұғалімдердің бірін-бірі жақсы түсінуінің белгісі. Біздің осы тұрғыда байқағандығымыздың айғағы, оқушы мен мұғалім бірлесе жұмыс жасаса, көптеген нәтижеге қол жеткізе алатындығымыз.
Барақбаева Л.Н.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив