Педагог күнделігі. Мураталиева Жансая » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог күнделігі. Мураталиева Жансая
01
май
2020

Педагог күнделігі. Мураталиева Жансая

Елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар көктемгі демалысқа ерте босатылды. Осылайша олар төртінші тоқсанды 6 сәуірден, қашықтықтан оқыту форматында бастады. Оған мұғалімдер каникул уақытында үздіксіз, уақытпен санаспай  дайындық үстінде болды. Білім және ғылым министрлігінің мамандары орта білім беруді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда көптеген жеңілдіктер мен көмектер көрсетіп отыр.              
       Алғашында басшылардың  да, ұстаздардың да, білім алушы жастардың да  ойында бір ғана сұрақ : «Қалай болар екен?»- деген ой мазалағаны анық. Бірақ  бұл сұрақтың  да сіз боп, біз боп бірігудің арқасында тез жауабын тауып, қашықтықтан оқуға үйреніп те қалдық. «Басы қатты болғанмен ,аяғы тәтті» демекші, алғашында біраз қиналғанымыз рас. Уақытты тиімді  пайдаланып, электронды жұмыс істеу форматтарын үйрендік, оқушылардың қабылдау қабілеттеріне қарай сабақтар дайындадық,т.б. жұмыстар жасалынды. Ақпараттық технологияларды басқаруды ұстаздарға меңгертуде ІТ мамандарының, басшылардың; оқушылар  мен ата-аналарға үйретуде ұстардардың еңбегі зор. 
Қашықтан оқытуды білім берудің жаңа формасы деп қарастыру керек. Қашықтан оқыту да күндізгі оқытудағыдай мазмұн мен мақсаттар негізінде құрылады. Бірақ, оқушыға материалды беру түрі мен мұғалім – оқушы қатынастары басқаша болады. 
Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болуы, әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы керек. Ол үшін, желіге қосылып, қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Осыған дейін балаларға қолдануға шектеу қойып отырған ұялы байланыссыз оқу мүмкіндігі болмай қалып отырғаны да рас, алайда «Қашықтан білім алу жүйесі» оны өзіндік қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік беріп отыр. 
«Қашықтан жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ болғаны рас, әрине, бұл оңай шаруа емес, мұндай оқыту жүйесі бұрын болмаған. Дегенмен, электронды оқулықтар, электронды журнал, «Bilimland», «Күнделік.кз» жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын ұстаздар  енді қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда «Daryn.online», , «Univer», «Platonus», «EduPage», БИЛ, «BTS education», «U-study» және «AGS» интернет ресурстарын қолдана отырып өткізуде және төртінші тоқсан басталысымен «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіліп отыр. Онда бейнесабақтар кестеге сай көрсетіледі. Мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленген. Осылайша ұстаздар жүргізіп жатқан сабақтарына кері байланыс алу  арқылы  оқу мақсаттарына жетіп отыр деп ойлаймын.
  Қашықтықтан оқыту жетістіктері: 
• мектеп қабырғасында сабаққа  зауқы жоқ балалар күнделікті тапсырмаларды орындауда;
• мектептегі қажеттілігімізге жаратуда электронды жабдықтардың жетіспеушілігінен туындайтын қиындықтар шешілуде;
• ақылы оқыту платформаларына қол жеткізіп, оқушылар олармен танысып, жұмыс жасауда,т.б.
      Әрине, алдағы 2 жетістікке жетуімізде ата-аналардың да белсене атсалысып, көмекке қол созып отырғандарын елеусіз қалдыра алмаймыз. Ең алдымен ата-ана өзі мен бала үшін әдеттегі күн тәртібін сақтап, ұстап тұрумен қатар қазіргі кезде  сынып жетекшісімен және мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста. Ата-аналар баламен бірге "меңгеруге" тырысып, қашықтықтан өткізілетін сабақтардың тартымдылығын арттырып отыр. Мысалы: балаға сұрақ қою, пікірталасқа қатысу, бірге видеороликтер түсіру деген сияқты.Солай сабақ қызықты, танымдық ойынға айналуда. Бала үшін — бұл мотивацияны арттыру, ал ата-аналар үшін-өз балаларын білу және түсіну болып табылады. Сондықтан ересектермен бірлескен істерді қарастыру қажет. Басты идея-үйде болу - "жаза" емес, жаңа дағдыларды игеру, білім алу, жаңа қызықты істер үшін ресурс болып отыр. 
     Осындай қиын-қыстау кезеңде ұстаздарға қолдау көрсетіп, сабаққа қажетті технологиялармен  балаларын қамтамасыз етіп, сабақты меңгерулеріне ықпал етіп отырған ата-аналарға да алғыс айтқым келеді.
     Сөзімді қорытындылай келе, балалардың қашықтықтан оқыту кезеңіндегі сабаққа қызығушылығы мен талпынысын ескере отырып, алдағы уақытта  осы бағытта жан-жақты ізденіспен, кеткен олқылықтырдарды толықтыра отырып білім беруді жалғастырсақ, білім сапасы артпаса, кемімейді деген сенімдемін.
Мураталиева Жансая Жанболатовна-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив