Педагог күнделігі » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог күнделігі
28
апрель
2020

Педагог күнделігі

Қашықтықтан оқыту - әлем деңгейіндегі тәжірибеде бұрыннан қолданылып отырған жүйе. Осындай тәжірибе білім үдерісін жүйелі түрде жалғастыруына көмектесетіні қуантады. Білім алушылардың да жаңа жүйеге тез бейімделгенін байқадық. Себебі, осындай жылдам және өзгермелі әлемде білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру әр мұғалімнің басты мақсатына айналып отыр.
Әр жағдайдың тиімді және тиімсіз тұстары бар демекші, бұл жүйенің де оңтайлы тұсын байқадық. Өйткені, білім алушы тьютордың (мұғалімнің) берген негізгі білім өзегін басты назарда ұстай отырып, өз тарапынан көбірек ізденуге мүмкіндік алады. Сол арқылы өз ойын еркін айта білуге жеткілікті түрде бейімделеді.
Күнделікті кестеге сәйкес интербелсенді тапсырмалар мен бейнесабақтар дайындау арқылы қашықтық сабақтарын өтудеміз. Білім алушылармен жеке-жеке жұмыс жасау мүмкіндігі артты. Бұрынғыдай бала алдымызда отырмағандықтан, олардың тақырыпты жан-жақты түсінуі үшін bilimland.kz, learning.apps, google form, quizizz.comyoutube.com т.б білім беру платформалары мен сайттарын кеңінен қолданып, шығармашылық тапсырмаларды дайындап, жіберіп отырмыз. Информатика пәні көп жағдайда IT құзіреттілікті дамытуға бағытталғандықтан, интербелсенді әдістер арқылы практикалық тапсырмаларды көбірек орындатуға тырысамын. Әр білім алушыға орындаған тапсырмалары бойынша дер кезінде Google form арқылы жасалынған автоматты кері байланыс беріп отырмын. Автоматты кері байланыс қызықты болғандықтан болар, білім алушылар сабақ соңындағы «Нені білдің?», «Не қиын болды?», «Не білгің келеді?»-деген сұрақтарға белсене жауап толтырып жібереді. Тек екіжақты байланыс құралын тиімді пайдалану арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болатынын бала да түсінді. Компьютерде орындаған креативті тапсырмаларын мобильді құрылғыларына түсіріп, өздерінің шығармашылық белсенділіктерін көрсете білетін білім алушыларымыз да бар. Білім алушылардың осы жүйеге тез бейімделуінің өзі тұлға бойындағы өзін-өзі реттеу, өз бетімен білім алу дағдыларының жоғары дәрежеде қалыптасқандығының айғағы.
Қорыта келсем, «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай, біз ұстаздар, барлық өзгерістерге дайын болып, әрдайым ізденісте болуымыз керек деп санаймын.
Еліміз аман болсын! Болашақта мектебімізде аман-есен қауышайық!
Тараз қаласы, №30 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Мейрахатқызы Назген.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив