Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары
ғылыми-әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы:
«Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпаттағы мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері»
Мақсаты:
1. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибексін тарату
2. Кәсіби біліктілігі жоғары жаңа формация мұғалімінің құзыреттілігін қалыптастыру
Міндеттері:
- Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін саралау, кәсіби қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнамалар алу;
- Ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психология жетістіктерін тиімді әдістер арқылы меңгерту;
- Оқыту технологияларын, қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияны, интернет ресурстарын тиімді пайдалану;
- Білім алушының даралық потенциалын есепке ала отырып, тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдану арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделі
Әдістемелік жұмыстың кезеңдері
І кезең. Диагностикалық болжау және ұйымдастыру (2017-2018 оқу жылы)
Мақсаты:
Жаңашыл көзқарастағы ұстаздарды іріктеу, шығармашылық топтар құру, инновациялық қызметпен айналысушы педагогтардың кәсіби даму стратегиясын жасауға басшылық жасау.
Міндеттері:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін саралау мақсатында мұғалімнің инновациялық даму картасын жүргізу;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Оқытудың жаңа технологияларын (СТО, СКТ, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту) және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игеру арқылы кәсіби біліктілікті дамыту;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Озық іс-тәжірибелерді оқып үйренуі, педагогтардың әдіснамалық, технологиялық, психологиялық дайындығын теориялық жағынан қамтамасыз ету.
ІІ кезең. Тәжірибелік кезең (2018-2019 оқу жылы, 2019-2020 оқу жылы)
Мақсаты:
Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны енгізіп, нәтижелерін саралау
Міндеттері:
- Инновациялық технологияны енгізу барысындағы эксперименттік жұмыстарды жүргізу;
- Ұстаздардың авторлық, инновациялық технологияны ашуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу;
- Ұстаздардың өз инновациялық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасай білуін үйрету (педагогикалық рефлексия)
ІІІ кезең. Жинақтау, қорытындылау, іс–тәжірибе тарату (2020-2021 оқу жылы)
Мақсаты:
Ұстаздардың инновациялық іс-әрекетінің нәтижесін шығару
Міндеттері:
- Мұғалімнің ұзақ жылдар бойы жасақтаған тәжірибе мектебі мен жүргізілген эксперимент жұмысының қорытындысы негізінде авторлық оқу-әдістемелік құралдарын, бағдарламалар, оқулықтар шығару;
- Ғылыми-ізденушілік, инновациялық жұмыстарының нәтижесін қала, облыс көлемінде тарату, насихаттау;
- Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделін ұсыну.
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы төменгідей құрылымнан тұрады:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> «Парасат» ғылыми-әдістемелік орталығы
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Пән бірлестіктері, шығармашылық топтар
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> «Болашақ» дарынды балалар орталығы
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> «Жас мамандар» мектебі
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> «Озат тәжірибе» мектебі
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін, мектептің даму бағдарламасын айқындау;
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Ұстаздарға әдістемелік көмек беретін, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсуіне жағдай жасайтын әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтар жұмысына басшылық жасау;
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Ұстаздардың білімін жетілдіру курстарынан өтіп отыруын қадағалау;
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру (оқыту семинарлары, педагогикалық оқулар, тренингтер, дөңгелек үстел, аттестация);
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> Педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеу, ұстаздардың эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарын белсендіру;
<!-- [if !supportLists] --> 6. <!-- [endif] --> Озат тәжірибені алмасу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
<!-- [if !supportLists] --> 7. <!-- [endif] --> Мектептің әдістемелік мәліметтер жинағын іріктеу, талдау, жүйелеу, инновациялық үрдістің нәтижелілігіне бақылау жасау;
<!-- [if !supportLists] --> 8. <!-- [endif] --> Жас мамандармен жұмыс жүргізу;
<!-- [if !supportLists] --> 9. <!-- [endif] --> Ұстаздар мен оқушыларды ғылыми шығармашылыққа баулу.