Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары
19
февраль
2018

Ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары

ғылыми-әдістемелік орталықтың жұмыс жоспары

 Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы:

«Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпаттағы  мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері»

Мақсаты:

       1. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибексін тарату

       2. Кәсіби біліктілігі жоғары жаңа формация мұғалімінің құзыреттілігін қалыптастыру

Міндеттері:

  1. Білім берудің жаңа парадигмасына көшу жағдайында педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін саралау, кәсіби қажеттілігін анықтау мақсатында сауалнамалар алу;
  2. Ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психология жетістіктерін тиімді әдістер арқылы меңгерту;
  3. Оқыту технологияларын, қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияны, интернет ресурстарын тиімді пайдалану;
  4. Білім алушының даралық потенциалын есепке ала отырып, тиімді жаңашыл әдіс-тәсілдерді кең көлемде қолдану арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізу.

Күтілетін нәтиже:

Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделі

 

Әдістемелік жұмыстың кезеңдері

І кезең.  Диагностикалық  болжау және ұйымдастыру (2017-2018 оқу жылы)

Мақсаты:

Жаңашыл көзқарастағы ұстаздарды іріктеу, шығармашылық топтар құру, инновациялық қызметпен айналысушы педагогтардың кәсіби даму стратегиясын жасауға басшылық жасау.

Міндеттері:

1.   Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін саралау мақсатында мұғалімнің инновациялық даму картасын жүргізу;

2.  Оқытудың жаңа технологияларын (СТО, СКТ, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту) және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын игеру арқылы кәсіби біліктілікті дамыту;

3.   Озық іс-тәжірибелерді оқып үйренуі, педагогтардың әдіснамалық, технологиялық, психологиялық дайындығын теориялық жағынан қамтамасыз ету.

ІІ кезең. Тәжірибелік кезең  (2018-2019 оқу жылы, 2019-2020 оқу жылы)

Мақсаты:

Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны енгізіп, нәтижелерін саралау

Міндеттері:

  1. Инновациялық технологияны енгізу барысындағы эксперименттік жұмыстарды жүргізу;
  2. Ұстаздардың авторлық, инновациялық технологияны ашуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызу;
  3. Ұстаздардың өз инновациялық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасай білуін үйрету (педагогикалық рефлексия)

ІІІ кезең. Жинақтау, қорытындылау, іс–тәжірибе тарату (2020-2021  оқу жылы)

Мақсаты:

Ұстаздардың инновациялық іс-әрекетінің нәтижесін шығару

Міндеттері:

  1. Мұғалімнің ұзақ жылдар бойы жасақтаған тәжірибе мектебі мен жүргізілген эксперимент жұмысының қорытындысы негізінде авторлық оқу-әдістемелік құралдарын, бағдарламалар, оқулықтар шығару;
  2. Ғылыми-ізденушілік, инновациялық жұмыстарының нәтижесін қала, облыс көлемінде тарату, насихаттау;
  3. Кәсіби біліктілігі жоғары, жаңа тұрпаттағы мұғалімнің моделін ұсыну.

 

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы төменгідей құрылымнан тұрады:

1. «Парасат» ғылыми-әдістемелік орталығы

2. Пән бірлестіктері, шығармашылық топтар

3. «Болашақ» дарынды балалар орталығы

4. «Жас мамандар» мектебі

5.  «Озат тәжірибе» мектебі

Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының негізгі бағыттары:

1. Оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін, мектептің даму бағдарламасын айқындау;

2. Ұстаздарға әдістемелік көмек беретін, кәсіби шеберліктерін шыңдай түсуіне жағдай жасайтын әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтар жұмысына басшылық жасау;

3. Ұстаздардың білімін жетілдіру курстарынан  өтіп отыруын қадағалау;

4. Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру (оқыту семинарлары, педагогикалық оқулар, тренингтер, дөңгелек үстел, аттестация);

5. Педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеу, ұстаздардың эксперименттік-тәжірибелік жұмыстарын белсендіру;

6. Озат тәжірибені алмасу, тарату жұмыстарын ұйымдастыру;

7. Мектептің әдістемелік мәліметтер жинағын іріктеу, талдау, жүйелеу, инновациялық үрдістің нәтижелілігіне бақылау жасау;

8. Жас мамандармен жұмыс жүргізу;

9.  Ұстаздар мен оқушыларды ғылыми шығармашылыққа баулу.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
nerkolwernam
5 февраля 2023 11:04
Во всех деталях на сайте

xbox скачать игры
klsieolwernam
5 февраля 2023 12:56