03
апрель
2020
Алғысымыз шексіз!
Алғысымыз шексіз!
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандар.
Қызым мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, білім нәрімен сусындап, білім алуға барлық жағдайды жасап, баланың білімге деген қызығушылығын арттырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақтардың өтуіне мүмкіншілік жасап отырған және демалыс уақытында тиімді өткізуге әртүрлі байқаулар ұйымдастырып, балалардың ынтасын арттырып отырған №30 мектеп- гимназиясының директоры Есеева Рахия Райқұлқызына және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есмұрзаева Ақтолқын Бұралқықызына, тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Айнұр Ерденбековнаға, 2 «В» сынып жетекші Суртаева Жанар Сейтжанқызына және мектеп ұжымына алғыс білдіремін.
25 наурыз- 31 сәуір аралығында мектеп тарапынан ұйымдастырған «Абайды оқы, таңырқа» атты қашықтық байқауына қатысып, қызым 2 «В» сынып оқушысы Жетпісбай Ажар Алмасқызы жүлделі 2 орынға ие болды.
Сонымен қатар, елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқыту басталады. Ата-ана ретінде қызымызға барлық дайындық жұмыстарын жүргізіп, яғни техникалық құрал- жабдықтарын интернет жүйесіне қосып, құрал-саймандарын дайындап қойдық.
Барлық ұстаздардың еңбектеріне еленіп, мәртебесі биіктей берсін деп шексіз алғысымды білдіремін.
Айгерим Бултбаева