01
сентябрь
2019
1 қыркүйек Білім күні
Білім күні мектеп табалдырығын ең алғаш рет аттағалы отырған жас балдырған бүлдіршіндер үшін көптен күткен маңызды күн. Дәстүр бойынша 30 мектеп-гимназиясында 1 қыркүйек Білім күніне арналған, "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты салтанатты іс-шара болып өтті. Салтанатты іс-шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы және Тараз қаласы криминалдық полиция бөлімінің бөлімше бастығы Абдраимов Асылбек Өмірбекұлы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Абрахманова қатысты. К.Мамашбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен және мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге сәтті қадам тіледі. Іс-шара барысында мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер мерекелік шашуларын тарту етті. 







