18
сентябрь
2019
2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға есеп
2019 жылдың 18 қыркүйек күні 30 мектеп-гимназиясында мектеп директоры Есеева Рахия Райқұлқызы қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитетінің төрағалары алдында 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Онда білім алушылардың білім сапасы, тәрбие жұмыстары, құқық бұзушылықтың алдын алу, ата- аналармен жұмыс, "Жас Ұлан" ұйымының, Адалдық клубының, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс, әлеуметтендіру жұмыстары мен мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздарының білім, тәрбие саласында жеткен жетістіктері айтылды. Ата-аналар сөз сөйлеп, мектеп жұмысына қанағаттанатынын жеткізді. 







