16
май
2019
Есеева Рахия Райқұлқызының Қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі
16 мамыр күні сағат 17.00-де №30 мектеп-гимназиясының директоры Есеева Рахия Райқұлқызының Қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі тыңдалды. Есепте 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісіндегі атқарылған жұмыстарды және әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көрсетілген көмек туралы,тәрбие бағыты бойынша,құқықтық-тәрбие бағыты туралы,әдістемелік жұмыстың қорытындысы және мектеп-гимназияда мұғалімдердің демеушілігімен көмегімен ашылған «Шахмат» және «Коворкинг» орталықтары туралы айтылды. Сонымен қатар,2019-2020 оқу жылындағы мектеп формасына да тоқталып өтті. Мектеп-гимназия формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес өзгеріссіз екендігі ескертілді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмысқа көңілдері толып ,оң бағаларын берді.








Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмысқа көңілдері толып ,оң бағаларын берді.








