13
декабрь
2019
Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады
Дарынды оқушылардың қатысуымен қолға алынған "Жасампаз жастар - 2019" республикалық энциклопедиясына N30 мектеп-гимназиясының оқушылары да енді. Энциклопедияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен білім мен өнерде, спортта, мəдени көпшілік шараларда ерекшеленіп, оқ бойы озық жүрген оқушылар қамтылған. "Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады" деген Елбасы сөзі тəуелсіз Қазақстанның осы жас ұрпақтарына арналғандай. Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, тəуелсіз Қазақстан да қарыштап дами бермек. Осы шəкірттерді тəрбиелеп отырған майталман ұстаздарымызға еңбектеріңіз жемісті болсын демекпіз.



