Педагог күнделігі. Нысанова Салима » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог күнделігі. Нысанова Салима
22
апрель
2020

Педагог күнделігі. Нысанова Салима

Уақыт зымырап өтуде..Қашықтықтан оқытудың үшінші аптасы. Барша дүние жүзіне келген сын алғашқы аптасы қиынға түсті.Уақыт өте қиын тұстарды түзеп, шыңдалудамыз.
Оқушы білім сапасы өз деңгейінде болу үшін бар білімімізді, күш-жігерімізді салудамыз. Ол үшін көктемгі демалыс кезін барынша пайдаландық.Ақпараттық технологияның қыр- сырын қайта үйрендік,білмейтін тұстарымызды түзедік.Оқушыны тез меңгерту мақсатында қызықты да тез қабылдау жолдарын іздедік,сабақтар дайындадық.Сол қыруар жұмыс нәтижесі жемісін беруде.Өйткені оқушылар барынша төселуде.
Ежелден бала  білімінің сапасы мен тәрбиесі отбасының қадағалауының үлесінде.Соған көз жеткізудеміз.Асыға бала сабағын қарайтын ата-ана бүгінде көзқарасы өзгерді.Өзге оқушы жауабын тыңдап, көріп отырған 
ата- ана баласының біліміне жете назар аудара бастады,өйткені салыстыру,бәсекелестік пайда болды.Оқушы жауабында тиянақтылық,ұқыптылық орын алуда.Ол өзіне артылған ауыр жүкті сезініп,жеңе алатынына,өздігінен жұмыс жасауға қабілеті жететінін түсінуде.Жауабында еркіндік пайда болды.Ата- ананың мектепке,ұстаз мәртебесіне көзқарасы өзгерді.Оқушы алтын ұя мектебінің қадірін түсінуде.
Біздердің,ұстаздар қауымының да ой-өрісінде көптеген өзгеріс болуында күмән жоқ.Баланы біздер басқаша өзге қырынан танудамыз.Менің де әлі білгенімнен білмегенім көп екеніне көзім жетті.Оқушы реніш танытқан кездерінде жанында жан ашыр болып, демеу танытып,әрқашан жанында табыла білетін жандар екенімізді міне осы кездері көрсете білейік.Соңғы кездері бір-бірімізге айтылып жатқан алғысымыз шексіз.Мен оқушыларымды,олардың ата-анасын,әріптестерімді мақтан тұтамын.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №30 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нысанова Салима Қырымгереевна.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив