02
апрель
2020
1 сəуір күні оқушыларға қашықтан сынама сабақтар жүргізілді
N30 мектеп-гимназиясында 1 сəуір күні оқушыларға қашықтықтан сынама сабақтар жүргізілді. Сынама сабақты 114 мұғалім жүргізіп, 529 оқушы zoom, 882 оқушы whatsapp, 78 оқушы classroom платформасы арқылы сабаққа қатысты. Осы арқылы оқушылардың 6 сəуір күнгі қашықтан оқуға дайындығы бақыланды. Алдағы уақытта ата-аналар мен оқушылар тарапынан үлкен белсенділік күтеміз!




