Қамқоршылық кеңес жиналысы
Күні: 20.05.2020ж.
Уақыты: 11:00
Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңес мүшелері
Өткізілу форматты: ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта
Күн тәртібінде:
1. 2019-2020 оқу жылында мектеп түлектерінің ҰБТ тапсыруының ерекшеліктері, өзгеріс - талаптары.
2. Мектеп - гимназия ғимаратын, кабинеттерін жөндеуден өткізу. Жемқорлықтың бір көрінісі - ақша жинаудың алдын - алу.
3. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі. Мектеп жаныныдағы және қала сыртындағы жазғы лагерь жұмысы. 1-11 сынып оқушыларының оқулықтарды уақытылы өткізуі.
4.Әр түрлі мәселелер
1. 2019-2020 оқу жылында мектеп түлектерінің ҰБТ тапсыруының ерекшеліктері, өзгеріс - талаптары.
ҰБТ-ның негізгі міндеті - мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ - оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады.
Тест әр пән бойынша 30 тапсырмадан тұрады, 2 таңдау пәнін 40 тапсырмадан тұрады. Мұнда мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі қиындық деңгейлері қамтыла отырып, мемлекеттік білім стандарына сай жасалған.
ҰБТ –ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтанда әр ұстаздың көкейінде мына сұрақтарға жауап болу керек :
- Оқушыны ұлттық бірыңғай тестілеуге қалайша жақсы дайындауға болады?
- Қалай бітірушілер білімін жоғары көрсеткішке жеткіземіз?
- Осы бағыттағы біздің жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі қандай?
2019-2020 оқу жылында мектеп-гимназияда 11 – сыныпты ҰБТ- ге дайындау мақсатында жоспар және сабақ кестесі құрылып,бекітілді.
Мектеп-гимназияда 11 класта 24 оқушы оқып тәрбиеленуде. 11 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсақ; жоғары санатты-7, І санатты-2, ІІ санатты-2 мұғалім сабақ береді.
Сынып бойынша мектептен тыс дайындық орталықтарына -12 оқушы «125», «Достық»-3, «Озат дайындық орталығы»-3, «Призма дайындық орталығына »-1, «ВооCLOUD»-1 оқушы, барлығы 19 оқушы орталықтарға қатысып жатыр.5-оқушы шығармашылық таңдап отыр (Яхия А.,Утеген Р., Есенқұл М., Бөрібай С.,Төлепберген Н.). 1 оқушы- Ж. Мұхамедқалиева үйде оқытылады.
Әрбір пән мұғалімі өз пәні бойынша оқушыларды ҰБТ дайындау үшін жеке жұмыс жоспарын құрып бекітті. Қазіргі уақытта 11-сыныптар барлығы 15 сынама тест жұмыстарын алынды.
Әрбір сынама тест жұмысынан кейін (әр оқушы, жеке сыныптар) сараптама жұмысы жүргізілді.
№ | Оқушының аты-жөні | 23.01 | 10.04 | 18.09 | 7.10 | 25.11 | 3.12 | 15.01 | 19.01 | 28,01 | 24.02 | 3.03 | 3.04 | 10.04 | 5.05 | 7.05 |
1 | Асан Диас | 56 | 87 | 50 | 27 | 124 | 78 | 95 | 93 | 81 | 92 | 81 | 97 | 109 | 111 | 127 |
2 | Әби Ботагөз | 46 | 69 | 53 | 70 | 88 | 78 | 86 | 80 | 91 | 100 | 102 | 109 | 104 | 105 | 116 |
3 | Әнуар Данагүл | 49 | 68 | 58 | 61 | 71 | 55 | 71 | 62 | 70 | 72 | 60 | 93 | 98 | 101 | 106 |
4 | Бекмұрат Мерей | 73 | 58 | 64 | 64 | 72 | 71 | 71 | 74 | 75 | 85 | 68 | 96 | 107 | 112 | 123 |
5 | Кенесбеков А | 53 | 61 | 59 | 68 | 85 | 79 | ж | 90 | 95 | 91 | 94 | 115 | 128 | 123 | 122 |
6 | Қалиева Арай | 56 | 71 | 65 | 72 | 88 | ж | 80 | 93 | 87 | 90 | 100 | 109 | 117 | 116 | 128 |
7 | Мадиярова Дариға | 72 | 73 | 72 | 99 | ж | 85 | 105 | 107 | 109 | 123 | 104 | 121 | 123 | 128 | 129 |
8 | Октябрева Ақмарал | 47 | 73 | 45 | 53 | 65 | ж | ж | 57 | 59 | 76 | ж | 89 | 87 | 96 | 115 |
9 | Отарбаева Ақназ | 44 | ж | 38 | 53 | 65 | 46 | 54 | 52 | 67 | 72 | 78 | 98 | 89 | 96 | 92 |
10 | Өмірәлі Саят | 39 | 47 | 55 | 39 | 106 | 87 | 87 | 77 | 97 | 75 | 92 | 95 | 101 | 84 | 84 |
11 | Рапилбек Темирлан | 62 | 56 | 68 | 86 | 84 | 69 | 86 | 87 | 79 | 77 | 68 | 98 | 86 | 113 | - |
12 | Ратбеков Дәурен | 63 | 53 | 45 | 69 | 100 | 91 | 81 | 79 | 106 | 101 | 94 | 81 | 94 | 107 | 101 |
13 | Сейдазимова А | 47 | 55 | 66 | 72 | 97 | 80 | 79 | 89 | 82 | 94 | 88 | 96 | 100 | 107 | 121 |
14 | Танирбергенова М | 61 | 60 | 51 | 75 | 84 | 70 | 75 | 78 | 82 | 98 | 75 | - | 96 | 99 | 95 |
15 | Бешембиев Рамис | - | - | - | 58 | 75 | 65 | 66 | 46 | 72 | 79 | 86 | 89 | 94 | 117 | 109 |
16 | Карибаева Айдана | 32 | 30 | 36 | 54 | 60 | 45 | 37 | 51 | 12 | 22 | 20 | - | 71 | 70 | 70 |
Орташа балл | 52 | 64,1 | 53,7 | 64,9 | 74,1 | 71,7 | 75,6 | 73,6 | 81,5 | 83,8 | 85 | 92,4 | 86,9 | 105 | 109,2 | |
+12,1 | -10,4 | +11,2 | +9,2 | -2,4 | +3,9 | -2 | +7,9 | +2,3 | +1,2 | +7,4 | -5,5 | +18,1 | +4,2 | |||
Шығармашылық таңдағанда | ||||||||||||||||
17 | Бөрібай Сымбат | 20 | 23 | ж | 21 | 34 | 19 | 21 | 30 | 21 | 23 | 27 | - | - | 31 | 32 |
18 | Төлепберген Нұрсая | 22 | 32 | 29 | 31 | 39 | 35 | 29 | 30 | 21 | 35 | 29 | 36 | 33 | 34 | 34 |
19 | Яхия Абзал | - | - | 43 | 64 | 25 | 21 | 14 | Ж | 25 | ж | 30 | 27 | 36 | 35 | 35 |
20 | Есенқұл Мерей | 14 | 15 | 17 | 16 | 18 | 18 | 17 | 16 | 18 | 18 | 21 | - | - | 31 | - |
21 | Утеген Руслан | 10 | 12 | 14 | 13 | 15 | 14 | 14 | 15 | 17 | 17 | 19 | 29 | 28 | 30 | - |
Орташа балл | 21 | 26,3 | 29 | 20 | 32,6 | 25 | 21,3 | 30 | 19,7 | 26,6 | 24,1 | 30,6 | 32 | 32 | 33 | |
22 | Мұхамедқалиева Ж | Үйде оқытылады | ||||||||||||||
23 | Аханова Эланора | бармайды | ||||||||||||||
24 | Аримбеков Алмас | Қаңтармен тоқтады |
Соңғы алынған сынама тесттің орта баллы-109,2 болып отыр.
2. Мектеп-гимназия ғимаратын, кабинетінеттерін жөндеуден өткізу. Жемқорлықтың бір көрнісі- ақша жинаудың алдын алу. Жемқорлық қазіргі таңда ғасыр індетіне айналғаны белгілі. Сондықтанда онымен күресу барлығымыз үшін міндет болып табылады. Осы мақсатта мектеп-гимназиямызда 2019-2020 оқу жылының аяқталуына байланысты кабинеттерге жөндеу өткізу үшін оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынды. Және де оқу жылы соңында мектеп бітіруші түлектергедің мектепке, мұғалімге, сынып жетекшіге сыйлық беруге тыйым салынған. Осыған орай 05.05.20 күні «Мектеп-гимназияда заңсыз іс-әрекетке жол бермеу және алдын алу туралы» №17 бұйрық шығарылып барлық қызметкерлер таныстырылды.
3. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі. Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі барлығымыз үшінде өте маңызды. Осы мақсатта 1-10 сынып аралығында барлық сынып жетекшілер өз сыныптарында «Өрт қауіпсіздігі» «Су қауіпсіздігі» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында өрт болған жағдайда алғашқы әрекет қала болуы керек?, Өрттен қалай сақтануға болады?, судан қалай сақтау керек? деген сұрақтарға жауап берілді. Барлық сынып оқушыларының ата-аналарынан жазғы демалыс кезінде баламның өмір қауіпсіздігі өз мойныма аламын деген қолхат алынды
Мектеп жаныныдағы және қала сыртындағы жазғы лагерь жұмысы.
Қазіргі таңда әлемде болып жатқан карантиндік жағдай Қазақстан елінде де орын алуда. Пандемия кезінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында сондай - ақ оқушылар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету және инфекцияның таралуының алдын – алу мақсатында оқу – тәрбие қызметі Республика бойынша толықтай қашықтықтын оқыту форматына көшіп, 2019-2020 оқу жылын қашықтықтан аяқтап отыр. Сонымен қатар жазғы мектеп жанындағы лагерь де өз жұмысын уақытша тоқатуда. Алайда қала сыртындағы лагерь өз жұмысын жалғастырады.
Лагерьдің мақсаты:
Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу, денсаулығын сауықтыру, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту, балалардың демалысын жақсы, қызықты етіп ұйымдастыру, ой-өрісін кеңейту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
2019-2020 оқу жылында № 30 мектеп – гимназиясынан қала сыртындағы лагерьге 84 балаға орын бөлініп отыр. Ол орындар аз қамтылған, көп балалалы, жетім, мүгедек отбасынан шыққан балалар үшін. Сонымен қатар «Болашақ», «Рауан» сияқты лагерьлер болуы мүмкіні. Лагерьге бару үшін ата – ана еdu.school сайтына төмендегі құжаттарды жүктеп, арыз толтырып, тіркеледі.
- Ата – ананың жеке куәлік (копия)
- Баланың туу туралы куәлігі
- Медициналық анықтама
- Кіріс анықтамасы
Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың мектеп жанындағы және қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагеріне қамтылуы
Мектеп жанындағы лагерь | Қала сыртындағы лагерь | Барлығы | |
2018-2019 ж.ж | 671 | 53 | 724 |
2019-2020 ж.ж. | - | 84 | 84 |
1-11 сынып оқушыларының оқулықтарды уақытылы өткізуі.
1-11 сынып оқушыларының оқулықтарын арнайы бекітілген кесте бойынша оқулықтарды уақытылы өткізу керек. Жыртылған кітап болса жөндеуден өткізіп, яғни скочтап т.б. жаңарту жұмыстарын жүргізіп оқулықты сынып жетекшіге өткізілу керек.