12
декабрь
2019
Кəсіп түбі - нəсіп
N30 мектеп-гимназиясында əр бейсенбі сайын өтетін "Даналық бейсенбісі" жобасы аясында "Кəсіп түбі - нəсіп" тақырыбында кездесу өткізілді. Бүгінгі бейсенбінің қонағы - жас кəсіпкер Көкежанов Қайрат Нурдинұлы. Қайрат Нурдинұлы кəсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылар бизнес жүргізудің қыр-сырын, табысты кəсіпкердің басты қасиеті қандай болу керек деген сұрақтарға жауап алды. Кездесудің оқушылар үшін маңызы зор болды.


