07
апрель
2020
7-сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
7-сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған орай 30 мектеп-гимназиясының 1 г сынып оқушысы Сейсенбек Назерке бос уақытын тиімді пайдаланып, спорттық гимнастикамен айналысады. Қашықтықтан білім алып жүрген оқушыларымыз, спортпен де шұғылданып, денсаулықтарына көңіл бөледі.
Спорттық гимнастика өте пайдалы, қыз балалардың дене бітімінің әдемі болуына ықпал етеді. Мұғалімдер де оқушыларды қолдап, балалардың бұл бастамасына жоғары баға беруде.
Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық.Спорт- денсаулық кепілі. Спортпен айналысайық, денсаулығымызды нығайтайық, бақытты болашақты бәріміз бірге құрайық!
