23
июнь
2020
Педагог күнделігі. Лесбаев Тлеухан
Қашықтықтан оқытудың міне үшінші аптасы да өтіп жатыр. Қазіргі таңда оқушыларға білім беру және оқушымен тұрақты байланыс орнату мақсатында жасалған интернет ресурстар мен құралдар жеткілікті. Соның ішінде "BilimLаnd", "Daryn.online" білім беру платформаларын атап айтқым келеді. Осы үш аптада әр оқушымен жеке байланыс орнатып, өз деңгейіне сай тақырыптық сұрақтар дайындау, сонымен қатар, әр орындалған тапсырмаға кері байланыс беру арқылы оқушыларымды басқа қырынан көріп жатырмын. Олардың математикалық ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмалар беріп, оның орындалуын бақылап отырмын.
Бірнеше жылдық оқушыларға математикалық білімді игертудегі тәжірибелерімді қорытындылай келе, қазіргі заман талабына сай оқушыларды бірнеше ақпарат көздерінен өзекті ақпаратты таңдауға дағдыландыру қажет деген оймен, мен математика пәні мұғалімдерін жаңашылдыққа және үнемі ізденіске шақырамын.
Лесбаев Тлеухан Өсербайұлы Тараз қаласы
№30 мектеп- гимназиясының математика пәні мұғалімі.