Ақпарат » Страница 23 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
31
декабрь
2020
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті әріптестер, ата- аналар және оқушылар!         Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен толагай табыс мол болсын!       Бүкіл әлемді уысында ұстаған пандемия кезінде  білім беруді жаңаша ұйымдастыру, әрбір оқушының жүрегінен орын тауып, оны білім шыңына жетелеу ұстаздар үшін жеңіл болмағанын білемін. Осы кезеңде шыдамдылық танытып, бізге қолдау көрсеткен ата- аналарға алғысым шексіз.Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік
Онлайн форматта  ата-аналар жиналысы өткізілді
28
декабрь
2020
Онлайн форматта ата-аналар жиналысы өткізілді
28.12.20 ж. күні #30  мектеп- гимназиясында ZOOM  платформасы арқылы, онлайн форматта  ата-аналар жиналысы өткізілді.  Жиналыс барысында ДҚТІЖО Рамазан Р. кәмелет жасына толмаған балалардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында қысқы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі және тәртібі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айқындап айтты.  Сонымен қатар, ДОТІЖО  Асанова Н. ІІІ тоқсаннан бастап мектеп бітіруші яғни 9  және 11  сынып оқушыларының дәстүрлі форматта
Асқар тауым - тірегім!
23
декабрь
2020
Асқар тауым - тірегім!
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен Б. Момышұлының 110 орай "Асқар тауым - тірегім!" атты қалалық отбасылық қашықтықтан өткізілген байқауында  № 30 мектеп - гимназиясының  8 "Г" сынып оқушылары  Мусалиева Айдана мен  Ерғара Нұрай  "Менің өнегелі отбасым" номинациясын және  9 "А" сынып оқушысы  Ағатаев Әлібек пен  8 "Г" сынып оқушысы Азыралы Азиз  "Бауыржандай батыр бол!" номинациясын иеленіп дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!
Әбдіжапар Тоғжан  жүлделі І орынды иеленді
22
декабрь
2020
Әбдіжапар Тоғжан жүлделі І орынды иеленді
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілерінің арасында өткізілген " Тәуелсіздік-ел тұғыры" атты мәнерлеп оқу байқауының "Ең шынайы орындаушы" номинациясы бойынша  0 "В" сынып оқушысы Әбдіжапар Тоғжан  жүлделі І орынды иеленіп, мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі Шыныбекова Қ. Құттықтаймыз!
Тәуелсіздік шапағаты
15
декабрь
2020
Тәуелсіздік шапағаты
15.12.20 ж. күні № 30 мектеп - гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай "Тәуелсіздік шапағаты" тақырыбында ZOOM  платформасы арқылы онлайн форматта  мерекелік құттықтау іс -шарасы өткізілді.
Борасанқызы Гүлнұр марапатталды
14
декабрь
2020
Борасанқызы Гүлнұр марапатталды
Білім беру ұйымдарында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты республикалық ақпараттық науқаны аясында " Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!" тақырыбында өткізілген эссе жазу байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алғаны үшін № 30 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Борасанқызы Гүлнұр марапатталды. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Қуаныштымыз!
Менің сарғыш әлемім!
11
декабрь
2020
Менің сарғыш әлемім!
«Общественная позиция» қоғамдық қоры мен жастар орталығы «Гуонлен» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 3-8 желтоқсан аралығында «Менің сарғыш әлемім!» («Мой оранжевый мир!») атты қалалық сурет байқауын ұйымдастырды. «Менің сарғыш әлемім!» байқауын 2020 жылдың 3-8 желтоқсан аралығында мектепішілік деңгейде өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар білім бөліміне жіберілді. Үздік деп танылған оқушыларымыз Ортаева Назира және Аримбек Аделина қалалық байқаудан жүлдесіз қайтпады. Ортаева Назира жүлделі
ОЗЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫС МОДЕЛІ
10
декабрь
2020
ОЗЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫС МОДЕЛІ
ОЗЫҚ КӘСІБИ БАҒДАР ЖҰМЫС МОДЕЛІ  Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мектептерде оқушыларға кәсіби бағдар берудің озық тәжірибелерін анықтау және тарату мақсатында «Озық кәсіби бағдар жұмыс моделі» атты қашықтықтан өткен облыстық байқаудың қалалық кезеңі өткізілді. Байқауға қала мектептерінің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты педагогикалық қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде, байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Мадақтамасымен Аманкулова
Буханов Ернар жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
02
декабрь
2020
Буханов Ернар жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
Тараз қаласы әкімдігінің  білім бөлімі ұйымдастырған 7-8 сынып оқушылары арасында өткен "Ең үздік натуралистік фоторепортаж" байқауының "Менің кіші Отанымның жабайы табиғаты" номинациясы бойынша № 30 мектеп - гимназиясының 7 "Г" сынып оқушысы Буханов Ернар жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Шарипбекова Г. Құттықтаймыз!
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай деректі фильмдер көрсетілді
02
декабрь
2020
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай деректі фильмдер көрсетілді
№ 30 мектеп - гимназия оқушылары 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы деректі фильмдер көруде.  Деректі фильм сілтемелері төмендегідей(қазақ және орыс тілдерінде): https:youtu.be/Lcdk7CnW6TU (Жаңғыру жолы);https://dropmefiles.com/HdV7u(Болашаққа бастар жол);https://dropmefiles.com/HdV7u(Бір ел, бір тағдыр);https://dropmefiles.com/HdV7u(Елдіктің