31
декабрь
2020
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті әріптестер, ата- аналар және оқушылар!
Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2021 жылда жағымды жаңалықтар мен толагай табыс мол болсын!
Бүкіл әлемді уысында ұстаған пандемия кезінде білім беруді жаңаша ұйымдастыру, әрбір оқушының жүрегінен орын тауып, оны білім шыңына жетелеу ұстаздар үшін жеңіл болмағанын білемін. Осы кезеңде шыдамдылық танытып, бізге қолдау көрсеткен ата- аналарға алғысым шексіз.Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ пен береке келсін! Мерейлеріңіз үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Жаңа 2021 жылдағы жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Жаңа жылдың есігін ізгі ниетпен, ынтымақпен, жақсы көңіл-күймен аттайық.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Сіздерге деген құрметпен мектеп- гимназия директоры Рахия Райқұлқызы.