28
декабрь
2020
Онлайн форматта ата-аналар жиналысы өткізілді
28.12.20 ж. күні #30 мектеп- гимназиясында ZOOM платформасы арқылы, онлайн форматта ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында ДҚТІЖО Рамазан Р. кәмелет жасына толмаған балалардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында қысқы демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігі және тәртібі мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айқындап айтты. Сонымен қатар, ДОТІЖО Асанова Н. ІІІ тоқсаннан бастап мектеп бітіруші яғни 9 және 11 сынып оқушыларының дәстүрлі форматта оқу ерекшеліктерімен ата-аналарды таныстырды. Мектеп-гимназия директоры Есеева Р.Р. Мәжіліс сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтедігін айтып, әр сайлаушының құқықтары мен мүмкіндіктерін атап, 18 толған әрбір азаматтың сайлауға өз үлесін қосып, дауыс беру керектігін айтып, ата-аналарды сайлауға келіп, дауыс беруге шақырды.

