Ақпарат » Страница 24 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алпысбай Гүлсезім, Қайрат Мирас және Орынбасар Нұрасыл марапатталды
28
ноябрь
2020
Алпысбай Гүлсезім, Қайрат Мирас және Орынбасар Нұрасыл марапатталды
"Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27-30 қазан аралығында қашықтықтан өткен Республикалық "Дала сазы" байқауында "Вокал" номинациясы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін #30мектеп-гимназия оқушылары Алпысбай Гүлсезім, Қайрат Мирас   және Орынбасар Нұрасыл 1 және 3 орын дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі Дарменова Жания. Құттықтаймыз!!!
Қыстаубай Гаухар ІІ орынды иеленді
26
ноябрь
2020
Қыстаубай Гаухар ІІ орынды иеленді
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген мектеп оқушылары арасында "Туған өлкем - қандай көркем" атты үздік бейнероликтер байқауында #30 мектеп-гимназиясының оқушысы Қыстаубай Гаухар ІІ орынды иеленіп мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі: Сагинбекова Камшат Құттықтаймыз!
Қыстаубай Гауһар  І орынды иеленді
24
ноябрь
2020
Қыстаубай Гауһар І орынды иеленді
Қалалық "Ең үздік кітап оқитын мектеп" байқауында N30 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Қыстаубай Гауһар  І орынды иеленді. Гауһарға "Жас дарын"ғылыми-танымдық журналының 2021 жылға 1 жылдық жазылымының сыйлық-сертификаты табысталды. Құттықтаймыз, Гауһар! Кітап әрқашан сенімді серігің болсын!
Өз ісінің шебері
20
ноябрь
2020
Өз ісінің шебері
№30 мектеп-гимназиясында 8-сынып оқушыларымен "Өз ісінің шебері" тақырыбында онлайн- кездесу өткізілді. Бүгінгі кездесудің қонағы - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз хатшысы Әбдиев Ерман Қанжанұлы мырза.  Ерман мырза оқушыларға мақсатқа жетуде табандылық пен еңбекқорлықтың, білімділіктің маңызы зор екендігін түсіндірді. Өз өмірінен мысалдар келтіре отырып, мамандықтың барлығы жақсы екендігін, тек өз ісінің шебері бола білуі керектігін
Ұстаздары «Мейірім» акциясын ұйымдастырды
20
ноябрь
2020
Ұстаздары «Мейірім» акциясын ұйымдастырды
Жақсылықпен - кәрі - жастың күйін біл, Сөз, ісіңмен ел - жұртыңды сүйіндір. Есендікте ізгілік ет, тарылма... Жүзінде жылу, жүрегінде мейірімділігі мол № 30 мектеп - гимназия ұстаздары «Мейірім» акциясын ұйымдастырды.Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан - дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі екенін ұмытпаған осы бір акцияның ұйытқысы болған Махамедова Б. және барлық 8 сынып жетекшілеріне,
«Мектепке тағзым» акциясы
28
октябрь
2020
«Мектепке тағзым» акциясы
№ 30 мектеп - гимназиясында 28.10.2020ж. күні "Jambyl-tylek.kz" жобасы аясында, «Мектепке тағзым» акциясы барысында,  мектеп-гимназияның түлектерінің өмір жолын үлгі ету мақсатында  10-11 сынып оқушыларымен  «Мамандық таңдау-өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында мектептің 2012 жылғы  түлегі,  Тараз қаласындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» және «Шетел тілдері» кафедраларының оқытушысы, ТИГУ «Түркітану және археология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші
Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі
28
октябрь
2020
Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі
Тараз қаласы, №30 мектеп - гимназиясының  директоры  Есеева Рахия Райқұлқызы ұжымды, ZOOM  платформасы арқылы онлайн форматта  Қазақстан Республикасы  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың  1-қыркүйегіндегі  "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдаған  жолдауымен  таныстырды. Оның ішінде: 1. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі; 2. Жаңа жағдайдағы экономикалық даму; 3. Теңгерімді аумақтық даму; 4. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық;
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үйірме жұмыстарын жүргізді
26
октябрь
2020
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үйірме жұмыстарын жүргізді
26 қазан күні  №30 мектеп-гимназиясындағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің айлығы барысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Бестерек Еділ 2 «г» сыныбымен  «Жеңіл атлетика» үірмесінен  «Сынақ қабылдау 30 м жүгіру» және Қасым айбол 8 «а»  сыныбымен «Сынақ қабылдау 60 м жүгіру» тақырыптарындағы сыныптан тыс жұмыстарын өткізді.
Коронавирустың алдын алу
26
октябрь
2020
Коронавирустың алдын алу
2-ші қалалық емхананың Салауатты өмір салтын насихаттау дәрігері, дәрігер-терапевт Г.М.Жетыбаева "Covid-19"  Коронавирустың алдын алу. СӨС медбикесі С.А.Ыбырайымова."Тұмау және ЖРВИ-дың алдын алу, "Жан-Нұр" Жастар денсаулық орталығының психологы Г.Б.Қалдыбаева    Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы тақырыптарында  Онлайн- дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. 30 мектеп-гимназиясының " Қыз Жібек" қыздар клубының қазан айындағы кезекті  жоспарына сай, клуб жетекшісі Курманалиева Назымның
"JULDYZAI-2020" байқауында Шыңғысбай Руслан марапатталды.
22
октябрь
2020
"JULDYZAI-2020" байқауында Шыңғысбай Руслан марапатталды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігі, мүмкіндіктерін дамыту, әр баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру әрі ашу мақсатында ұйымдастырылған XV Халықаралық " JULDYZAI-2020" байқауында ІІ дәрежелі дипломмен Шыңғысбай Руслан марапатталды. Құттықтаймыз!!!