10
октябрь
2020
Кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды
9-шы қазан күні №30 мектеп-гимназиясының жас мамандарымен олардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Бұл семинар-тренинг барысында мектеп директоры Р.Р.Есеева жас ұстаздарды педагог мәртебесі заңымен және мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып өтті. Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Жакипова жас мамандарды мектептегі негізгі құжаттармен жұмыс жүргізу тәртібін, мұғалімдердің сабақ жоспарын, сабақтарын қалай жоспарлау керектігі туралы мағлұмат берді. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары А.Еркебаева жас сынып жетекшілердің жұмыс барысында сынып оқушыларымен қалай тіл табысып, жұмыс жүргізуге болатыны туралы ақпараттар берді. Директордың IT-ісі жөніндегі орынбасары А.Рахбаев мұғалімдерге daryn.online платформасындағы және kundelik.kz-тегі жұмыс жасау ерекшеліктерін толығымен таныстырып өтті.




