28
октябрь
2019
"Сынып жетекшісі-кім ол?" тақырыбындағы семинар -тренинг
30 мектеп-гимназиясында 28 қазан күні Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің карьера және педагогикалық зерттеу орталығының басшысы Гүлхан Болатқызы Нурадин ұйымшыл әрі белсенді сыныппен, беделді әрі ізденімпаз жетекші болуды көздегендерге арналған "Сынып жетекшісі-кім ол?" тақырыбындағы семинар -тренинг жүргізілді. Бұл семинар -тренинг барысында сыныптың стратегиялық жоспарын құрудағы негізге алынатын басты қағидалар туралы мәселелер қозғалды. Семинар- тренигке 30 мектеп-гимназиясының 60 сынып жетекшісі өте белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, алдағы уақытта сыныппен жүргізілетін жұмыстағы қиындық мәселерін шешудің жолдарын қарастырды.

