20
ноябрь
2019
Қыз қылығымен көрікті
Тараз қаласы 30 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 19 қараша күні 8-9-10 сынып қыздарының арасында "Қыз жібек" қыздар клубының жетекшісі Құрманалиева Назым қыз тәрбиесіне байланысты рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында "Қыз қылығымен көрікті" тақырыбында қыздар отырысын өткізді. Отырыс барысында қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әдептілік,қыздардың жүріс-тұрысы, қыз намысы және сымбатты туралы жан- жақты талқыланды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу туралы пікірлер айтылды.


