27
май
2021
«Тұлғаның өзіндік жеке даму бағытындағы жобалардың ролі» тақырыбындағы онлайн-семинар
27 мамыр күні №30 мектеп-гимназиясында инновациялық жобаларды пайдалану арқылы білім алушылардың деңгейін көтеру және құзіретті тұлға қалыптастыру бағытында серіктес мектептердің ұстаздарымен тәжірибе алмасу мақсатында «Тұлғаның өзіндік жеке даму бағытындағы жобалардың ролі» тақырыбындағы онлайн-семинары өтті. Инновациялық жобалардың мектеп қабырғасындағы жеке тұлғаның дамуына әсерін, маңыздылығын түсіндіру үшін мектебімізде екі жылдан аса уақыт бойы жалғасын тауып келе жатқан он алты жобаның ішіндегі он жобаның жүргізілу барысы серіктес мектептерге ұсынылды.
Он жобаға жетекшіліп етіп отырған Мейрахатқызы Н., Султанова А., Шарипбекова Г., Нурманалиева Р., Құлжаева Р., Тоқтарбаева Г.,Сатыбалдиева Т., Сагинбекова К., Исаева А., Сейсебаева С. осы жобадан алған нәтижелерін, оның ұтымды тұстарын, мектеп жұмысын дамытуға қосқан үлестерін ортаға салды. Оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген модификациялық инновациялар арқылы жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар анықталды.
Онлайн-семинар барысында мұғалімдер өздерінің тәжірибесін зерттеп, талдап, дамыту үшін инновациялық бағытта жұмыс жасау керектігін түсінді.