27
сентябрь
2021
Жас мамандармен тәжірибе бөлісу
25.09.2021 күні жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу, бейімделуге кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету мақсатында мектебіміздің жаңадан келген жас мамандарымен кездесу өтті. Директордың ғылыми әдістеме-ісі жөніндегі орынбасары Жакипова Ақмарал Мырзажанқызы мен жас мамандар жетекшісі Мейрахатқызы Назген жас мамандарға мектептің ішкі тәртіп ережелері, білім алушылармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру, нормативтік құжаттар, сабақ жоспарын жасау, электронды журнал жүргізу, дарын онлайн платформасында жұмыс, онлайн мектеп платформасын қолдану жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге мектеп психологы Тоқтарбаева Гулназ « Оқу процесінде қандай қиындық кездеседі?» тақырыбында жас мамандардан сауалнама алды.