03
январь
2024
"Мектептегі ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру" атты оқыту семинары
Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты Жақаш Әшірбек Төленбайұлының қатысуымен "Мектеп қабырғасындағы ғылыми жоба жұмыстарын жүргізудің дарынды балаларға ықпалы" тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді.Семинарға химия, биология, география, информатика, физика, математика және бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды.
Сондай-ақ "Русский язык и литература" кафедрасының, "Филология и гуминитарные науки" факультетінің аға оқытушылары,магистрлары Мыханова Жанар Бахытовна,Шмакова Елена Сергеевна,Омарова Айгуль Орынбековна
"Мектептегі ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру" атты оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында мұғалімдерге бағыт бағдар беріп, берілген сұрақтарға кеңінен жауаптарын берді. Сондай-ақ заманауи ғылыми жоба жазу барысында цифрализация әдісін пайдалану қажеттілігіне тоқталып өтті.