20
август
2020
Жалпы республикалық ата - аналар жиналысы
Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында #30 мектеп- гимназиясында 20.08.2020ж. күні жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата- аналарды хабардар ету мақсатында жалпы республикалық ата - аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
3) Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.
4) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
5) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
6) Баланың оқу режимі және демалысы.
7) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
8) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
9) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру
10) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы мәселелері қаралды. Ата - аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, сұхбат жүргізілді.
