Ақпарат » Страница 38 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - оның жаршысы" атты тәрбие сағаты
25
октябрь
2019
"Отбасы - тәрбие басы, мектеп - оның жаршысы" атты тәрбие сағаты
30 мектеп-гимназиясының 7 «г» сынып оқушылармен сынып жетекшісі Махамедова Балжан 25 қазан күні "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - оның жаршысы" атты тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында ұстаз оқушыларға бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіріп өтті. Жанұядағы ата-анаға деген бала махаббатын оята отырып , отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастырудағы ықпалын тигізер тәрбие берді.
"Кемелді келешекке - кемеңгер Елбасымен" атты форумы
25
октябрь
2019
"Кемелді келешекке - кемеңгер Елбасымен" атты форумы
25 қазан күні Қалалық Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен "Кемелді келешекке - кемеңгер Елбасымен" атты форумында 30 мектеп-гимназиясының тәлімгері Исаева Ағила Өмірбайқызы Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын ұйымдастыруы мен жас ұрпақты тәрбиелеуге үлесін қосқаны үшін Білім бөлімнің басшысы М. Қ. Жинақбаевадан Алғыс хатпен марапатталды.
"Парасатты отбасы" байқауы
24
октябрь
2019
"Парасатты отбасы" байқауы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан облыстық "Парасатты отбасы" байқауына #30 мектеп- гимназиясы да ат салысып қатысуда. Мектеп гимназияның оқушылары және ата- аналары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысады, спорт пен өнерді қатар алып жүреді.
Қазақстанның 100 жаңа есімі
23
октябрь
2019
Қазақстанның 100 жаңа есімі
30 мектеп-гимназиясында 23.10.2019 ж.күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "Қазақстанның 100 жаңа есімі" арнайы жобасының аясында Қазақстандық спортшы, паралимпиада ойындарының әлем чемпионы Габидуллина Зульфия Раухатовнамен 8,9,10 және 11 сынып оқушыларымен кездесу кеші өтті.
Ата-аналар жиналысы
25
сентябрь
2019
Ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 25 қыркүйек күні 30 мектеп гимназиясында кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп оқушыларының құқық бұзушылығын алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы айтылды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері айтылды
"Өркен-Ниет" қоғамдық қорының "Жарқын болашақ" жобасы
19
сентябрь
2019
"Өркен-Ниет" қоғамдық қорының "Жарқын болашақ" жобасы
"Өркен-Ниет" қоғамдық қорының өкілдері "Жарқын болашақ" жобасының аясында тегін білім алуға ниет білдірген 11 сынып оқушыларынан іріктеу жұмыстарын жүргізді. Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар білім беру орталықтарында тегін курстарға қатысады. №30 мектеп-гимназиясынан 5 оқушы іріктеуге қатысты.
2019 жылы, 6 қыркүйек күні 30 мектеп-гимназиясында ата-аналар үшін "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Төмендегі мазмұнда сұрақтар қойылды
06
сентябрь
2019
2019 жылы, 6 қыркүйек күні 30 мектеп-гимназиясында ата-аналар үшін
2019 жылы, 6 қыркүйек күні 30 мектеп-гимназиясында ата-аналар үшін "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Төмендегі мазмұнда сұрақтар қойылды
"Ашық есік" күні
06
сентябрь
2019
"Ашық есік" күні
30 мектеп-гимназиясында 6 қыркүйек күні "Ашық есік" күні өтіледі деген хабарландыруға құлақтанған ата-аналар онлайн режимінде мектеп-гимназия директорына сұрақтарын қойып, сол күні жауаптарын алды. Ата-аналар сұрақтарына тез жауап алғанына ризашылық білдірді.
"Ашық есік" күні
03
сентябрь
2019
"Ашық есік" күні
Құрметті ата-аналар! 6 қыркүйек күні сағат 15:00-де №30 мектеп-гимназиясында ата-аналар үшін "Ашық есік" күні өтетіндігін хабарлаймыз. Өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңызға жауап алуға болады.