Ақпарат » Страница 36 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жан дауа" қойылымы
11
декабрь
2019
"Жан дауа" қойылымы
30  мектеп гимназиясында "Замандас" драма үйірмесінің мүшелерінің орындауында "Жан дауа" қойылымы өтті. Қойылым барысында білім алушылар өз рөлдерін ерекше сомдап, мектеп - гимназия директорының  марапатына ие болды.
Дәптер - оқушы айнасы
11
декабрь
2019
Дәптер - оқушы айнасы
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу- қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады.  Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы- бастауыш сынып мұғалімінің еңбегінің жемісі. Осы орайда 1-4 сыныптар арасында "Дәптер- оқушы айнасы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр сыныптан үздік дәптерлер қойылды.  
Қозғалыс
10
декабрь
2019
Қозғалыс
1 'Д' сынып мұғалімі Айтқұлова Маралдың жаратылыстану пәнінен өткізілген 'Қозғалыс ' тақырыбындағы сабағынан көрініс. Сабақ  зерттеу түрінде жүргізілді. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды.
Туған жерге - туынды тік!
10
декабрь
2019
Туған жерге - туынды тік!
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жерге, - туынды тік! " тақырыбында өткізілген қалалық жас қаламгерлер байқауында "Жомарт жүрек" номинациясы бойынша # 30 мектеп-гимназиясының  8 "Б" сынып оқушысы жүлделі 2 орынға ие болды.
Үздік сабақ
10
декабрь
2019
Үздік сабақ
1 ''Ж' сыныбы жетекшісі жас маман Лесалиева Айдананың  "Үздік сабақ" шеруінде сауат ашу пәнінен өткізілген сабағынан. Жас маманның оқушылармен қарым- қатынасы, кері байланысты тиімді жүргізе білуі өте жақсы болды. Жас келсе іске деген осы болар. Жарайсың Айдана
Парасатты отбасы
09
декабрь
2019
Парасатты отбасы
Отбасы қоғамдық құрылымының тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Б.Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсың» деп тауып айтқан. 07.12.2019ж 3 «Е» сынып жетекшісі Сүлейман Ақбота сынып ата-аналарының арасында «Парасатты отбасы» атты тәрбиелік іс шара өткізді. Ата-аналар белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Қыз қылығымен көрікті
06
декабрь
2019
Қыз қылығымен көрікті
Мектеп психологтары Тоқтарбаева Г. К. және Сейсебаева С. К "Қыз қылығымен көрікті"  тақырыбында қыз балалармен кеңес-тренинг өткізді.
Республикалық ғылыми жоба жүледегерлері
04
декабрь
2019
Республикалық ғылыми жоба жүледегерлері
Республикалық ғылыми жоба жарысының II облыстық кезеңінде "Тіл білімі" секциясы бойынша 3 орынды иеленген 11 а сынып оқушысы Қалиева Арай мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ыбраймова Айнұрды құттықтаймыз.
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына ант беру
04
декабрь
2019
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына ант беру
#30 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 28 жылдығы мерекесі қарсаңында, желтоқсан айының 4 күні мектебіміздің үздік және белсенді оқушыларымыз "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына салтанатты түрде АНТ бере отырып қабылданды
"Жобалар фестивалі" жобасы
03
декабрь
2019
"Жобалар фестивалі" жобасы
Бүгін N30 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында "Жобалар фестивалі" жобасы болып өтті. Жобаның мақсаты - оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыра отырып, жас дарындыларды анықтап, қолдау көрсету. Аталмыш іс-шараға оқушылар белсенділікпен қатысты. Бұл шараның өзге оқушыларға да оң ықпал етері даусыз, ол көрермен ретінде қатысқан оқушылардың қарасынан байқалды. Жоба алдағы уақытта өз жалғасын табады