Ақпарат » Страница 37 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қыз қылығымен көрікті
20
ноябрь
2019
Қыз қылығымен көрікті
Тараз қаласы 30 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 19 қараша күні 8-9-10 сынып қыздарының арасында "Қыз жібек" қыздар клубының жетекшісі Құрманалиева Назым қыз тәрбиесіне байланысты рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында "Қыз қылығымен көрікті" тақырыбында қыздар отырысын өткізді. Отырыс барысында қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әдептілік,қыздардың жүріс-тұрысы, қыз намысы және сымбатты туралы жан- жақты талқыланды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу
Тарихи мұражайға саяхат
19
ноябрь
2019
Тарихи мұражайға саяхат
Тараз қаласы 30 мектеп-гимназиясының оқушылары "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы негізде "Қазақстанның рухани киелі жерлері", "Қазақстанның сакралды географиясы" арнайы жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тарих пәні мұғалімі Құйқабаева Лаурамен бірге саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушылар көне мұражай экспозицияларын аралап көріп тамашалады. Сонымен қатар тарихи - мәдени археологиялық көне экспонаттармен танысып, қызықтап қайтты.
"Үздік жүргізуші" байқауы
14
ноябрь
2019
"Үздік жүргізуші" байқауы
14.11.2019 жылы Тараз қаласы Мектептен тыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Қалалық "Үздік жүргізуші" байқауына қатысқан мектебіміздің 10 "А" сынып білім алушысы Қасембек Жанель қатысқаны үшін дипломы мен марапатталса, 9 "Ә" сынып білім алушысы Мұратова Әдемі, III дәрежелі дипломды иеленіп қайтты
Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ
13
ноябрь
2019
Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ
2019 жыл Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын және 20 қараша Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында # 30 мектеп- гимназияда 13.11.2019 жыл күні 7 "А" сыныпта "Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. 
Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық
12
ноябрь
2019
Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық
№30 мектеп-гимназиясында 11- сынып ата-аналары мен білім алушылары арасында «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумының 10-шы пунктіне сәйкес «Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Білім алушылар мен ата-аналар түлектер кешінің өткізілуі туралы ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жастарға ата-аналары өмірлік тәжірибесін үлгі ете отырып, оларды ысырапшылдықтан аулақ болып, мейіріміділік пен игілігі мол
3«Е» сынып оқушылары Абай кітапханасына барды
12
ноябрь
2019
3«Е» сынып оқушылары Абай кітапханасына барды
Өлді деуге болама, ойлаңдаршы Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! Осыған орай 30мектеп-гимназиясының 3«Е» сынып оқушылары Абай кітапханасына барып, Абайдың өмір тарихымен танысып, шығармашылығымен сусындап қайтты.
30 мектеп- гимназиясында "Мобильді кітапхана" ашылды
06
ноябрь
2019
30 мектеп- гимназиясында "Мобильді кітапхана" ашылды
30 мектеп- гимназиясында "Мобильді кітапхана" ашылды. Виртуалды кітапхана мүмкіндіктерін оқушылар, мұғалімдер, ата- аналар пайдалана алады. Мобильді телефондағы QR- код қосымшасы арқылы білім алушылар әдеби шығармаларды жүктеп, оқи және тыңдай алады.
Ата-ана мен мұғалім арасындағы ашық алаң
30
октябрь
2019
Ата-ана мен мұғалім арасындағы ашық алаң
30 мектеп-гимназиясының 5 сынып білім алушыларының білім сапасы туралы консилиум өтті. Консилиум ата-аналар мен мұғалім арасындағы пікірталастарымен ерекшеленді. Себебі консилиум тақырыбы "Ата-ана мен мұғалім арасындағы ашық алаң". Ашық алаңда ата-аналар белсенділік таныта білді. Білім сапасын көтеру үшін отбасы тәрбиесінің ұтымды болары сөзсіз екенін ата-аналарға ескертіліп өтті. Бұндай консилиум келесі тоқсанның білім сапасына оң нәтиже берері сөзсіз.
"Мөп-мөлдір көздер қарасын, Тараздан ғана табасың" атты фотопоэзия көрмесі
29
октябрь
2019
"Мөп-мөлдір көздер қарасын, Тараздан ғана табасың" атты фотопоэзия
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық "ARAI" жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабайдың Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған "Мөп-мөлдір көздер қарасын, Тараздан ғана табасың" атты фотопоэзия көрмесіне 30 мектеп-гимназиясының оқушылары барды
"Мен елімнің ертеңімін" бiрынғай республикалық тәрбие сағаттары
25
октябрь
2019
"Мен елімнің ертеңімін" бiрынғай республикалық тәрбие сағаттары
Тасөткел ауылы Тұрар Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында "Мен елімнің ертеңімін" тақырыбында бiрынғай республикалық тәрбие сағаттары өткізілді.