Ақпарат » Страница 35 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мен өз елімнің патриотымын
11
декабрь
2019
Мен өз елімнің патриотымын
30 мектеп гимназиясында Тәуелсіздіктің 28  жылдығына орай 7 сыныптар арасында "Мен өз елімнің патриотымын" атты танымдық сағаты өтті.  Танымдық сағат барысында оқушы көзімен Қазақстанның болашағы жайында пікір айтылып, талқыланды. Бұл сабақ оқушылары ұлтжандылыққа,  патриоттыққа,  Отанды сүйіп, қастерлеуге  тәрбиелеу болып табылды.
Рухани жаңғыру- ұлттық бірегейліктің негізі
11
декабрь
2019
Рухани жаңғыру- ұлттық бірегейліктің негізі
30 мектеп гимназиясында  Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы негізінде "Ұлы даланың ежелге өнері мен технологиялар музейі" арнайы жобасы аясында "Рухани жаңғыру- ұлттық бірегейліктің негізі" тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп гимназияның "Ісмер", "Қолөнер", "Шебер қолдар" үйірме мүшелерінің жұмыстары қойылды.
"Жан дауа" қойылымы
11
декабрь
2019
"Жан дауа" қойылымы
30  мектеп гимназиясында "Замандас" драма үйірмесінің мүшелерінің орындауында "Жан дауа" қойылымы өтті. Қойылым барысында білім алушылар өз рөлдерін ерекше сомдап, мектеп - гимназия директорының  марапатына ие болды.
Дәптер - оқушы айнасы
11
декабрь
2019
Дәптер - оқушы айнасы
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу- қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады.  Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы- бастауыш сынып мұғалімінің еңбегінің жемісі. Осы орайда 1-4 сыныптар арасында "Дәптер- оқушы айнасы" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр сыныптан үздік дәптерлер қойылды.  
Қозғалыс
10
декабрь
2019
Қозғалыс
1 'Д' сынып мұғалімі Айтқұлова Маралдың жаратылыстану пәнінен өткізілген 'Қозғалыс ' тақырыбындағы сабағынан көрініс. Сабақ  зерттеу түрінде жүргізілді. Оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды.
Туған жерге - туынды тік!
10
декабрь
2019
Туған жерге - туынды тік!
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жерге, - туынды тік! " тақырыбында өткізілген қалалық жас қаламгерлер байқауында "Жомарт жүрек" номинациясы бойынша # 30 мектеп-гимназиясының  8 "Б" сынып оқушысы жүлделі 2 орынға ие болды.
Үздік сабақ
10
декабрь
2019
Үздік сабақ
1 ''Ж' сыныбы жетекшісі жас маман Лесалиева Айдананың  "Үздік сабақ" шеруінде сауат ашу пәнінен өткізілген сабағынан. Жас маманның оқушылармен қарым- қатынасы, кері байланысты тиімді жүргізе білуі өте жақсы болды. Жас келсе іске деген осы болар. Жарайсың Айдана
Парасатты отбасы
09
декабрь
2019
Парасатты отбасы
Отбасы қоғамдық құрылымының тобы, алғашқы ұясы. Қоғамның негізгі мақсаты адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, керегесі кең, берік отбасына байланысты. Б.Момышұлы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсың» деп тауып айтқан. 07.12.2019ж 3 «Е» сынып жетекшісі Сүлейман Ақбота сынып ата-аналарының арасында «Парасатты отбасы» атты тәрбиелік іс шара өткізді. Ата-аналар белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Қыз қылығымен көрікті
06
декабрь
2019
Қыз қылығымен көрікті
Мектеп психологтары Тоқтарбаева Г. К. және Сейсебаева С. К "Қыз қылығымен көрікті"  тақырыбында қыз балалармен кеңес-тренинг өткізді.
Республикалық ғылыми жоба жүледегерлері
04
декабрь
2019
Республикалық ғылыми жоба жүледегерлері
Республикалық ғылыми жоба жарысының II облыстық кезеңінде "Тіл білімі" секциясы бойынша 3 орынды иеленген 11 а сынып оқушысы Қалиева Арай мен жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ыбраймова Айнұрды құттықтаймыз.