Ақпарат » Страница 32 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абай- дана, Абай- дара қазақта" тақырыбында іс шара
31
январь
2020
"Абай- дана, Абай- дара қазақта" тақырыбында іс шара
31.01.20ж. күні 30 мектеп гимназиясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай- дана, Абай- дара қазақта" тақырыбында іс шара өтті. Іс шара барысында мектеп- гимназия оқушылары өздерінің дарындылық қасиеттерімен ерекшеленіп кемеңгер ақынға жібек сөздерін арнап, бірінен кейін бірі тамсандыра білді. Іс шараға арнайы шақырылған филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы қатысып, Ұлы Абайдың кемеңгерлігі туралы оқушыларға ғибратты сөздер айтып, алғас білдірді.
"Intellectual leaders" интеллектуалды жарысы
30
январь
2020
"Intellectual leaders" интеллектуалды жарысы
Бүгін 30.01.2020 30 мектеп-гимназиясында оқушыларға "Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу айлығы" барысында 8-10 сыныптар арасында "Intellectual leaders" интеллектуалды жарысы өткізілді. Жарысқа 30 оқушы қатысып, қатал іріктеу нәтижесінде 10-ны финалалға өтті, қызу білім бәсекелесінде "Apple" командасы ақпараттық- компьютерлік білім, цифрлы технология саласындағы үздік білімдерін көрсетіп дипломдар мен сыйлықтарға ие болса, екінші " Microsoft" командасы алғыс хаттар мен Ұлы
"Ұялы телефондар мен интернеттің бала денсаулығы мен психологиясына зияндылығы
30
январь
2020
"Ұялы телефондар мен интернеттің бала денсаулығы мен психологиясына
30 мектеп-гимназиясында 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен offline" акциясы аясында "Ұялы телефондар мен интернет парақшаларындағы кейбір ақпараттардың бала денсаулығы мен психологиясына зияндылығы" тақырыбында 7,8,9 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднама таратылып, бейнероликтер көрсетілді.
"Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы
30
январь
2020
"Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы
30.01.20ж. күні #30 мектеп-гимназиясында "Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы барысында 5 сыныптар арасында "Ақпараттар әлемі " тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, алған білімдерін ортаға салып, белсенділіктеріне қарай, жүлделі орындармен марапатталды. Ойынның мақсаты оқушылардың бойында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдық пен алғырлық дағдыларын нығайту және сөйлеу шеберлігі мен мәдениетін
"25 кітап " жобасы
29
январь
2020
"25 кітап " жобасы
"25 кітап " жобасы бойынша 3 "А" сыныбы М.Мақатаевтың "Ақкулар ұйықтағанда" поэмасын талқылады. Оқушылар өте жоғары деңгейде өз ойларын ортаға салып, өз мақсаттарымен бөлісті. Жетекшісі:Абдибекова К.
4 "Б" сыныбымен математика пәнінен LS (сабақты зерттеу) үдерісі
29
январь
2020
4 "Б" сыныбымен математика пәнінен LS (сабақты зерттеу) үдерісі
4 "Б" сыныбымен математика пәнінен LS (сабақты зерттеу) үдерісі жүгізілуде. Зерттеу тақырыбы: Интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру" Сабақта оқушылар өте жоғары деңгейде белсенділік таныта білді.
"Жыр - алыбы Жамбылым" атты жас ақындар айтысы
28
январь
2020
"Жыр - алыбы Жамбылым" атты жас ақындар айтысы
28.01.20 ж.күні 9"В" сынып оқушысы Есіркеп Ақбота қалалық "Жыр - алыбы Жамбылым" атты жас ақындар айтысының іріктеу кезеңінде өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, І орынды иеленіп, облыстық байқауға өтті. Жетекші қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынбаева Меруерт. Құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндік
28
январь
2020
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндік
28. 01.20ж. күні #30 мектеп- гимназиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндікте "Асыл сөзді іздесең Абайды оқы, ерінбе" тақырыбында 3"Б" сынып оқушыларымен Асанова Г. ашық тәрбие сағатын өткізді.
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндік
28
январь
2020
"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндік
28. 01.20ж. күні #30 мектеп- гимназиясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында "Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты онкүндікте "Адамзаттың Абай" тақырыбында 8,9,10сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мәнерлеп оқу барысында оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп, 3 тілде жатқа айтып, ұлы Абайды қастерлеп еске алды. Поэзиясын сүйетіндігін көрсетіп, жүлделі орындармен марапатталды.
"Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы
27
январь
2020
"Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы
30 мектеп-гимназиясында "Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбелеу" айлығы барысында 4 сыныптар арасында "Ойлы болсаң, озып көр " тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Ойын сабақ барысында оқушылар көшбасшылық қасиеттерін көрсете отырып, алған білімдерін ортаға салып, белсенділіктеріне қарай, жүлделі орындармен марапатталды.