Ақпарат » Страница 28 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?
03
апрель
2020
Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?
"Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?" тақырыптарында 6 "Ə" сынып оқушыларымен тəрбие сағаты  WhatsApp желісі арқылы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға презентация, бейнежазбалар көрсетіліп, талқылау жұмыстары жүргізілді.         Елімізде болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, басты шарттарды орындауға кеңес берілді. Қашықтықтан оқу мен жаман аурудан қорғану жолдары туралы айтылды. Сынып жетекші: Қамзаева Халимат Халиқызы
Алғысымыз шексіз!
03
апрель
2020
Алғысымыз шексіз!
Алғысымыз шексіз! Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық- ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандар. Қызым мектеп табалдырығын аттағаннан
Қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асырылады?
03
апрель
2020
Қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асырылады?
№30 мектеп-гимназиясында 2 сəуір күні ата-аналармен онлайн түрде "Қашықтықтан оқыту қалай жүзеге асырылады?" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 1775 ата-ана қатысты. Ата-аналар жиналысы zoom және whatsapp платфлрмалары арқылы жүргізілді. Ата-аналарға қашықтықтан оқыту туралы бейнероликтер көрсетілді.
1 сəуір күні оқушыларға қашықтан сынама сабақтар жүргізілді
02
апрель
2020
1 сəуір күні оқушыларға қашықтан сынама сабақтар жүргізілді
N30 мектеп-гимназиясында 1 сəуір күні оқушыларға қашықтықтан сынама сабақтар жүргізілді. Сынама сабақты 114 мұғалім жүргізіп, 529 оқушы zoom, 882 оқушы whatsapp, 78 оқушы classroom платформасы арқылы сабаққа қатысты. Осы арқылы оқушылардың 6 сəуір күнгі қашықтан оқуға дайындығы бақыланды. Алдағы уақытта ата-аналар мен оқушылар тарапынан үлкен белсенділік күтеміз!  
"Алтын сақа" ертегісі
28
февраль
2020
"Алтын сақа" ертегісі
25 кітап жобасы бойынша 2 "з" сынып оқушылары "Алтын сақа" ертегісін таңдап, бірге талқылап, ертегі желісі бойынша көрініс қойды.
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
27
февраль
2020
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"25 кітап" жобасы аясында, кітап оқу - сөздік қорды және сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында 2"Г" сынып оқушылары "Керқұла атты Кендебай ертегісін мазмұнда, сахналады.
2" Ж"сыныбында "25 кітап" жобасы өтті
27
февраль
2020
2" Ж"сыныбында "25 кітап" жобасы өтті
Кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру максатында, 2" Ж"сыныбында "25 кітап" жобасы өтті. Оқушылар "Жеті лақ" ертегісін сахналады.
Достық. Бірлік. Тәуелсіздік
27
февраль
2020
Достық. Бірлік. Тәуелсіздік
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған қалалық "Достық. Бірлік. Тәуелсіздік" атты балалар шығармашылық фестиваліне белсене қатысып, үздік өнер үлгісін көрсеткені үшін 30 мектеп-гимназиясының "Айгөлек" би үйірмесінің биші қыздары дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Кедейдің үш баласы
25
февраль
2020
Кедейдің үш баласы
2 "Е" сыныбында оқушыларды кітап оқуға баулу, тілімізді рухани байыту мақсатында "Кедейдің үш баласы" атты тақырыбында 25 кітап жобасын өткізді. Сынып жетекшісі : Умирзакова Ботагөз