30
сентябрь
2024
«Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі»
30.09.2024 жыл күні мектеп - гимназияда «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында ата - аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2023-2024 оқу жылындағы оқу – тәрбие үрдісінің қорытындысы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, буллингтің алдын – алу, төтенше жағдай кезіндегі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2024-2025 оқу жылында мектеп – гимназия оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтылуы, «Мектепке жол» акциясының қорытындысы қаралды. Сонымен қатар жиналысқа арнайы шақырылған бөлім прокуроры Мықтанбек Ануарбек Анарбекұлы жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын - алуда ата - ана рөлінің маңызды екенін атып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.