10
октябрь
2024
Шерхан Муртаза атындағы мектеп- гимназиясында " Ғылымдар әлемінде " атты мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті
Шерхан Муртаза атындағы мектеп- гимназиясында " Ғылымдар әлемінде " атты мектепішілік ғылыми жоба байқауы өтті, байқауға М.Х.Дулати ас.с.профессоры, Жақаш Әшірбек Төленбегенұлы техн.ғыл.канд. орыс тілі мен әдебиет кафедрасының аға оқутышысы,
педагогика ғылымының магистры Мыханова Жанар Бахытовна, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы Құдабаева Перизат Асанбаевна, орыс тілі мен әдебиет кафедрасының аға оқытушысы педагогика ғылымының магистры Шмакова Елена Сергеевна.
Осы аталған ғалымдар оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын тыңдап, жеке пікірлерін айтып , ұсыныстарын жасап , байқау соңында үздік жұмыстарды марапаттап өтті , жоғары деңгейдегі жұмыстар қалалық байқауға жолдама алды.
Мектепішілік ғылыми жоба байқауын директордың ғылыми- әдістемелік орынбасары Жакипова Акмарал Мырзажанқызы ұйымдастырып жоғары деңгейде өткізді.