24
январь
2024
«Есірткі заттарын тұтынудың алдын алу»
2024 жылдың қаңтар айының 24 күні Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында 8-11 сынып білім алушыларымен Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы, Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Сухарев Андрей Викторович, Жастар ресурстық орталығының инспекторы Жылысбаев Ернар Нұрболұлы, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр нарколог дәрігері Кенжалиев Дастан Даулетулы және Тараз қаласы ПБ КТІЖ УПИ, лейтенант Курбанов Нуркен Есболұлы «Есірткі заттарын тұтынудың алдын алуы» жөнінде дәріс өткізді.
Кездесу барысында: «Есірткі заттарын тұтынудың алдын алу», «Жауапкершілігі және оның салдары» бойынша сұрақтар қарастырылды.
Кездесудегі басты мақсатымыз – Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын жүзеге асыру. Мектеп оқушылары арасында есірткі заттарын тұтынуды ерте анықтау, заманауи синтетикалық есірткелердің проблемаларын, электронды темекі өнімдері, тұтынудың алдын алу бойынша оқушыларға түсіндіру.
Кездесу барысында мектеп-гимназия білім алушыларына «Темекі шегудің зияны» және «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ақпараттық бейнебаян көрсетілді.