02
сентябрь
2019
«Адалдық сағаты»
2019 жылдың 2 қыркүйегінде №30 мектеп-гимназиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің бастамасымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республика көлемінде ұйымдастырылған «Адалдық сағаты» тәрбие сағаты өтті.Адалдық сағатына» Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент өкілі Алимходжаев Амир Замирович қатысты. Мүбарак Қасымқызы оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық-үлкен індет екенін,бүгінгі жастар адал,парасатты,әділ,сенімді бойларына ұялату керек екендігін баса айтып өзінің өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісіп, алдағы уақытта да білім бөлімі тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл аясында тиісті жұмыстар өз жалғасын табатындығын айтып өтті. 

