25
май
2021
Оқу жылына қорытынды
Құрметті ,ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді тағы бір оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл қиындығы мен жаңалығы мол жыл болғаны рас. Сол қиындықтарды артта қалдырдық десек те болады. Бірақ,әлі алда сынақ көп.
Мектеп-гимназиямыздың 48 жыл тарихында мыңнан аса түлектер қанаттанып ұшып, әлемнің әр қиырында еңбек етуде. Әлемді жайлаған пандемиямен бәріміз алыса жүріп, оқу жылын сәтті аяқтадық деп ойлаймын.
Бір кісідей бірлесіп атқарған жұмысымыз ынтымақтың арқасында жемісті жалғасын табады деп сенемін.
2020-2021 оқу жылында 1731 оқушымен бастап, 1716 оқушымен аяқтадық. Бұл оқу жылында 299 үздік, 790 екпінді қатарымен толықты. Білім сапасы -70% құрады. 1-11 сыныптың 1561 оқушысы келесі сыныпқа көшіріліп, 9 сыныптан - 118 оқушы, 11 сыныптан - 37 оқушы қорытынды аттестаттауға жіберілді. Үздік аттестатқа үміткер болып отырған 3 түлек бар. Олар: Әтірбаева Д.,Нұрғалиева А., Досымбек А. Бұл оқу жылында шәкірттеріміз жақсы жетістіктерге жетті. Атап айтсам-қалалық
олимпиададан 9 оқушы жүлделі орынға ие болды. Облыстық олимпиадада 11 ә сынып оқушысы Досымбек Айдана 3 орын иеленді. 5-6 сыныптар арасында өткен қалалық олимпиададан 6 оқушы жүлдегер атанса,қалалық ғылыми жоба байқауына қатысқан оқушылардың 5 -уі
жүлделі орынмен оралды. "Зерде" қалалық ғылыми жобасына қатысқан Бакытжанқызы Еңілік жүлделі орынмен марапатталды . "Ақбота" интеллектуалды байқауынан 86 орынды иеленсек,
"Русский медвежонок-языкознание для всех" олимпиадасы - 10 орынды қанжығамызға байладық. Bebras" байқауынан- 11 орынды қанағат тұттық. "Пони" байқауы - 13 орын, "Кенгуру-математика" олимпиадасынан- 2 орын. "Тәуелсіздік тұғырым" шығармалар байқауында 3-жүлделі орынды иеленсек, жаратылыстану- математика пәндері бойынша Әл -Фараби атындағы халықаралық олимпиадасына қатысқан 5 оқушы жүлделі орынмен марапатталды. "Жас полиглот" байқауынан 6 оқушы марапатталды. "Жас математик" - young matematician"-6 орынды иелендік."Абай оқуы" байқауынан жүлделі орынмен 3 оқушы марапатталды. Республикалық қашықтық олимпиададан - 9 орын
Дарынды оқушымыз Алпысбай Гүлсезім "Multi genre competion festival" халықаралық байқауынан 1 орын иелені баршамызды қуантқаны анық.
Әрбір жыл өз тарихымен құнды әрі маңызды деп білемін. Ұрпағымыздың ұлықты болу үшін төгер теріміз мол. Ата-ана, оқушы, ұстаз ынтымақтаса еңбек етсе, біз бағындырмас белес жоқ.
Құрметті , ата-аналар! Оқушыларымыз бір жасқа ұлғайып, есейіп, сыныптан-сыныпқа көшуде. Олардың білімін толықтырып, меңгере алмай, қиындық тудырған тақырыптарын білу мақсатында "Жазғы мектеп" жобасы ұйымдастырылуда. Бұл жобаға мектеп ұстаздары сақадай сай дайындық үстінде десек те болады.
Алдымызда қорытынды аттестаттау - 9-11-сынып оқушыларына міндетті іс . Осы сыннан сүрінбей,
абыроймен өткізу - сіздер мен біздерге жауапты жұмыс болып тұрғаны белгілі.
Мектептен түлеп ұшқалы тұрған жас түлектер! Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ- дан білімді екендеріңді дәлелдеп, жақсы оқу орнының білімгері болуларыңа тілектеспін! Ұшқан ұяларыңа сендерге сенім артады, ел болашағы үшін айтулы азамат болыңдар!