Тамақтану сапасына мониторинг жүргізудің отырысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізудің отырысы
20.12.2018ж.
II тоқсанның қорытындысы есебінде тамақтану сапасына мониторинг жүргізіледі. Яғни, мониторинг жөніндегі комиссия мектеп асханасының жұмысына тексеру жүргізді. Тамақтанудың сапасы басшылыққа алынды.
Мақсаты: тамақ өнімдерінің сапасын тағамдарды дайындау технологиясын, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдерін, мектеп-гимназия асханасының талапқасай жұмыс жүргізуін бақылау.
Мектепте жалпы оқыту қорынан 240 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың күнделікті асханадан ыстық тамақпен қамтылуын сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог Ә. Иманбай қадағалайды.
Мектеп-гимназия асханасының санитарлық жағдайы асхананың жалпы тазалығы, азық-түлік сақтайтын қоймалар азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
Шикізаттың жеткілікті қолдануы дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы брокерлердың журналы уақытылы толтырылған.
Бекітілген мәзір бойынша ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шағымы өз деңгейінде.Тәуліктің сынама алу мен сақталуы қамтамасыз етілген.
Ата-анамен басқа бақылаушылар тарапынан шағымдар мен ұсыныстар тамақтанудағы кемшіліктерді тіркеу журналы алынған. Мектеп асханасының көрнекті жерінде дұрыс тамақтану бұрышы ұйымдастырылып, «Бақылау асы» қойылған. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың сыры ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру ескертілді.
Шешім:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2. Асханада тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3. Аталған кемшілік жөнінде бас аспазшы Ә.Мархабаеваға ескертіліп, дер кезінде жойылсын.
Ұсыныс:
1.Оқушылардың мектеп асханасынан күнделікті тамақтануы мектеп медбике, сынып жетекшілер және әлеуметтік педагог тарапынан күнделікті қадағалансын.
2. Асхана жұмысы комиссия мүшелері тарапынан үнемі бақылансын.
1. Р.Р.Есеева-комиссия төрайымы мектеп-гимназия директоры.
2.Н.Б.Асанова-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орын
3.Т. Қуанышбеков-медбике
4.Т. Лесаев-кәсіподақ ком.
5. Д.Абдрахманов – ата-аналар комитетінің төрайымы
6. Ә.Иманбай – әлеуметтік педагог
7. А. Құлманова – ата-аналар комитетінің мүшесі

