Оқу жылына қорытынды
Құрметті ,ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді тағы бір оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл қиындығы мен жаңалығы мол жыл болғаны рас. Сол қиындықтарды артта қалдырдық десек те болады. Бірақ,әлі алда сынақ көп. Мектеп-гимназиямыздың 48 жыл тарихында мыңнан аса түлектер қанаттанып ұшып, әлемнің әр қиырында еңбек етуде. Әлемді жайлаған пандемиямен бәріміз алыса жүріп, оқу жылын сәтті аяқтадық деп ойлаймын.