11
декабрь
2020
Менің сарғыш әлемім!
«Общественная позиция» қоғамдық қоры мен жастар орталығы «Гуонлен» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 3-8 желтоқсан аралығында «Менің сарғыш әлемім!» («Мой оранжевый мир!») атты қалалық сурет байқауын ұйымдастырды.
«Менің сарғыш әлемім!» байқауын 2020 жылдың 3-8 желтоқсан аралығында мектепішілік деңгейде өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар білім бөліміне жіберілді.
Үздік деп танылған оқушыларымыз Ортаева Назира және Аримбек Аделина қалалық байқаудан жүлдесіз қайтпады. Ортаева Назира жүлделі 1-орынды иеленсе, Аримбек Аделина арнайы сертификатпен марапатталды.