Зорлық-зомбылықтың алдын алатын мобильдік топ құрылды
Жамбыл облысында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, оларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мобильдік топ құрылды. Профилактикалық акцияны өткізу барысында "Оңтүстік арылу" қоғамдық қорының менеджері Исатай Ғабиден, /5 қалалық емхананың жастар денсаулық орталығының заңгері Тортаева Айсұлу, мектеп инспекторы Үзен Азамат сөз алып, жеке тұлға өз құқықтарын білу және қорғау қажет екендігін айтып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.