Іс-шаралар » Страница 14 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
Елбасы - Ұлт мақтанышы
29
ноябрь
2019
Елбасы - Ұлт мақтанышы
30 мектеп - гимназияның  жас дарынды оқушылары Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында өткізілген "Елбасы - Ұлт мақтанышы" Тұңғыш Президент  күніне арналған ән байқауына қатысып, Алпысбай Гүлсезім  бас жүлде иегері, "Достар"  триосы  2 дәрежелі  дипломмен, Сатыбалдина Анел және Ортаева Назира 3 дәрежелі  дипломмен марапатталып қайтты. Жетекші- Дарменова Жания Аманжолқызы. Құттықтаймыз!
Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар
28
ноябрь
2019
Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар
N30 мектеп-гимназиясында 28 қараша күні 10-сынып оқушылары "Даналық бейсенбісі" жобасы аясында "Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар" тақырыбында таныстырылым жасады. Мақсаты  - оқушылардың мамандық таңдауға байланысты көзқарастарын қалыптастыру, кəсіби бағдар беру. Оқушылар аталмыш іс-шараға белсенділікпен қатысты, өз көзқарастарын білдірді. Жоба жетекшісі - Шəріпбекова Гүлмира Төлеутайқызы.
Жапырақтың құрылысы мен қызметі
27
ноябрь
2019
Жапырақтың құрылысы мен қызметі
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Визуалды әдістерді пайдалану арқылы терминдерді есте сақтау қабілетін арттыруға бола ма?" зерттеу сұрағы аясында өткізілген "Жапырақтың құрылысы мен қызметі" тақырыбындағы биология сабағында 7 д сынып оқушылары сабақ үстінде оқу мақсатын толық меңгеріп кетті. Осындай сабақтармен оқушының уәжін, белсенділігін арттыратын Х. Қамзаева сияқты жас мамандар қатары көбейе берсін.
"IQ game" жобасы
26
ноябрь
2019
"IQ game" жобасы
30 мектеп-гимназиясында 9-10 сыныптар арасында оқушылардың интеллектуалды және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында "IQ game" жобасы өтті. Осы сыныптар арасындағы жеңімпаз 9 б сыныбынан анықталды. 9 б сынып оқушылары Кенбаева Нұриза, Айдар Балауса, Айтуғанұлы Жасұланды құттықтаймыз.
25 - кітап жобасы
25
ноябрь
2019
25 - кітап жобасы
2"Е" сыныбы "25 - кітап жобасы"  бойынша " Абайдың-175 жылдығына" орай, оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айта отырып, қағаз бетіне бейнелеу жұмыстары жүргізілді. Абайдың қара сөздері де айтылып, топтық жұмыстар орындалды.  Сынып жетекшісі: Умирзакова Ботагөз
Қыз қылығымен көрікті
20
ноябрь
2019
Қыз қылығымен көрікті
Тараз қаласы 30 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 19 қараша күні 8-9-10 сынып қыздарының арасында "Қыз жібек" қыздар клубының жетекшісі Құрманалиева Назым қыз тәрбиесіне байланысты рухани - адамгершілік тәрбие беру мақсатында "Қыз қылығымен көрікті" тақырыбында қыздар отырысын өткізді. Отырыс барысында қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әдептілік,қыздардың жүріс-тұрысы, қыз намысы және сымбатты туралы жан- жақты талқыланды. Сонымен қатар жеке бас гигиенасы, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеу
Өлең - сөздің патшасы
15
ноябрь
2019
Өлең - сөздің патшасы
30 мектеп-гимназиясының 13.11.2019ж 3 «Е» сыныбында Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған «Өлең - сөздің патшасы» атты сыныптан тыс жұмыс жүргізілді. Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханашылармен бірлесе жұмыс жүргізе отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға мәлімет бере отырып, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру мақсатында жүргізілді. Сынып жетекшісі Сүлейман Ақбота.
Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ
13
ноябрь
2019
Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ
2019 жыл Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын және 20 қараша Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында # 30 мектеп- гимназияда 13.11.2019 жыл күні 7 "А" сыныпта "Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. 
Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық
12
ноябрь
2019
Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық
№30 мектеп-гимназиясында 11- сынып ата-аналары мен білім алушылары арасында «Елдік елге байланысты» қоғамдық форумының 10-шы пунктіне сәйкес «Мектеп бітіру кешін шоуға айналдыру-ысырапшылдық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Білім алушылар мен ата-аналар түлектер кешінің өткізілуі туралы ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жастарға ата-аналары өмірлік тәжірибесін үлгі ете отырып, оларды ысырапшылдықтан аулақ болып, мейіріміділік пен игілігі мол
"Критериалды бағалау" тақырыбында коучинг өткізді
11
ноябрь
2019
"Критериалды бағалау" тақырыбында коучинг өткізді
09.11.2019 жылы бастауыш сынып мұғалімдері арасында Ақтолқын Бұралхықызы критериалды бағалау тақырыбында коучинг өткізді.