20
ноябрь
2020
Ұстаздары «Мейірім» акциясын ұйымдастырды
Жақсылықпен - кәрі - жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел - жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма...
Жүзінде жылу, жүрегінде мейірімділігі мол № 30 мектеп - гимназия ұстаздары «Мейірім» акциясын ұйымдастырды.Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан - дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі екенін ұмытпаған осы бір акцияның ұйытқысы болған Махамедова Б. және барлық 8 сынып жетекшілеріне, сонымен қатар барлық атсалысқан мұғалімдерге алғысымыз шексіз. Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбесін. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар!
