Ақпарат » Страница 36 » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына ант беру
04
декабрь
2019
"Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына ант беру
#30 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 28 жылдығы мерекесі қарсаңында, желтоқсан айының 4 күні мектебіміздің үздік және белсенді оқушыларымыз "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымына салтанатты түрде АНТ бере отырып қабылданды
"Жобалар фестивалі" жобасы
03
декабрь
2019
"Жобалар фестивалі" жобасы
Бүгін N30 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында "Жобалар фестивалі" жобасы болып өтті. Жобаның мақсаты - оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттыра отырып, жас дарындыларды анықтап, қолдау көрсету. Аталмыш іс-шараға оқушылар белсенділікпен қатысты. Бұл шараның өзге оқушыларға да оң ықпал етері даусыз, ол көрермен ретінде қатысқан оқушылардың қарасынан байқалды. Жоба алдағы уақытта өз жалғасын табады
Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары
29
ноябрь
2019
Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары
30 мектеп- гимназиясында 1желтоқсан- ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған "Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа журналист,  Жамбыл облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы қатысты. Сабақ ашық сұхбат форматында өтті. Оқушылар Тұңғыш Президенттің өмірі, көшбасшылық қасиеттері туралы тың деректер алып, өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шарада
Елбасы - Ұлт мақтанышы
29
ноябрь
2019
Елбасы - Ұлт мақтанышы
30 мектеп - гимназияның  жас дарынды оқушылары Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында өткізілген "Елбасы - Ұлт мақтанышы" Тұңғыш Президент  күніне арналған ән байқауына қатысып, Алпысбай Гүлсезім  бас жүлде иегері, "Достар"  триосы  2 дәрежелі  дипломмен, Сатыбалдина Анел және Ортаева Назира 3 дәрежелі  дипломмен марапатталып қайтты. Жетекші- Дарменова Жания Аманжолқызы. Құттықтаймыз!
"Ұлы халықтың Ұлы Абайы" байқауы
28
ноябрь
2019
"Ұлы халықтың Ұлы Абайы" байқауы
N30 мектеп-гимназиясының мақтанышы, "Кітап оқып, миллионер бол!" байқауының жүлдегері, қабілетті  де талантты оқушымыз Сүлеймен Сабина тағы бір жетістігімен ұстаздарын қуантты. Қалалық "Ұлы халықтың Ұлы Абайы" байқауында топ жарып, І орынды иеленді. Жарайсың, Сабина! Əрқашан биіктен көрінуіңе тілектеспіз. Дайындаған - жоғары санатты орыс тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Нұрманалиева Рахат Тілегенқызы.
Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар
28
ноябрь
2019
Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар
N30 мектеп-гимназиясында 28 қараша күні 10-сынып оқушылары "Даналық бейсенбісі" жобасы аясында "Қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтар" тақырыбында таныстырылым жасады. Мақсаты  - оқушылардың мамандық таңдауға байланысты көзқарастарын қалыптастыру, кəсіби бағдар беру. Оқушылар аталмыш іс-шараға белсенділікпен қатысты, өз көзқарастарын білдірді. Жоба жетекшісі - Шəріпбекова Гүлмира Төлеутайқызы.
Жапырақтың құрылысы мен қызметі
27
ноябрь
2019
Жапырақтың құрылысы мен қызметі
Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Визуалды әдістерді пайдалану арқылы терминдерді есте сақтау қабілетін арттыруға бола ма?" зерттеу сұрағы аясында өткізілген "Жапырақтың құрылысы мен қызметі" тақырыбындағы биология сабағында 7 д сынып оқушылары сабақ үстінде оқу мақсатын толық меңгеріп кетті. Осындай сабақтармен оқушының уәжін, белсенділігін арттыратын Х. Қамзаева сияқты жас мамандар қатары көбейе берсін.
"IQ game" жобасы
26
ноябрь
2019
"IQ game" жобасы
30 мектеп-гимназиясында 9-10 сыныптар арасында оқушылардың интеллектуалды және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында "IQ game" жобасы өтті. Осы сыныптар арасындағы жеңімпаз 9 б сыныбынан анықталды. 9 б сынып оқушылары Кенбаева Нұриза, Айдар Балауса, Айтуғанұлы Жасұланды құттықтаймыз.
25 - кітап жобасы
25
ноябрь
2019
25 - кітап жобасы
2"Е" сыныбы "25 - кітап жобасы"  бойынша " Абайдың-175 жылдығына" орай, оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мәнерлеп, жатқа айта отырып, қағаз бетіне бейнелеу жұмыстары жүргізілді. Абайдың қара сөздері де айтылып, топтық жұмыстар орындалды.  Сынып жетекшісі: Умирзакова Ботагөз
Менің отбасым - менің байлығым
25
ноябрь
2019
Менің отбасым - менің байлығым
Мен Тараз қаласы 30 мектеп-гимназиясының білім алушысы Рахымбай Ақмарал. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталды. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.