Қазақстан Республикасының Конституциясы
30 мектеп-гимназиясында құқықтық тəрбие беру айлығының жоспары бойынша "Қазақстан Республикасының Конституциясы" тақырыбында ашық тəрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.