23
январь
2024
"Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы"
2024 жылдың 23 қаңтарында Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясында "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығын орындау және ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Алматы қаласында жер сілкінісі орын алуына байланысты білім беру ұйымдарының балалары мен қызмет көрсетуші персоналмен "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі" КММ №144 шығыс хаты негізінде сейсмикалық жаттығу өткізілді. Сейсмо жаттығуға І ауысым 1,4 және 5, 9-11 сынып білім алушылары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және кіші қызметкерлер қамтылды. Сейсможаттығу барысында түсіндірме жұмыстарын АҚ штаб бастығы Р.Е.Рамазан және АӘжТД пәнінің оқытушы ұйымдастырушысы М.Әбілқасым өткізді.
