23
декабрь
2021
Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы
“Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік”, – деп ежелгі Римнің әйгілі шешені, дарынды жазушысы, қоғам қайраткері Марк Ту́ллий Цицерон айтқандай, өз ойыңды ашық жеткізіп, келістіре айту да – үлкен өнер. Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлеуі маңызды. Оларға қоғамдық-әлеуметтік маңызды мәселелерді талдап, түсіне алу қабілеті қажет. Пікірсайыс жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулиды.
Білім алушыларымыздың танымын кеңейту мақсатында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 11.12.2021 жылы № 30 мектеп-гимназиясының 9 - 11 сынып оқушылары арасында ашық пікір сайыстан кіші турнир өткізілді. Жас көшбасшыларымыз «БП Әлем кибер спортын мойындайды», «БП АЭС ел аумағында болуын құптайды», «БП жануарларға сынақ өткізуге қарсы» атты өзекті тақырыптарда таласқа түсті.
Қорытындысы: кіші турнирге жалпы 6 команда қатысты, олар: «Әулиеата», «Томирис», «Алаш» «Гүлдер», «Том и Джерри», және «Жалын», фракциялары. Бағы мен бабы қатар келген «Томирис» фракциясы 1-орын, «Гүлдер» фракциясы 2-орын, «Жалын» фракциясы 3-орынға табан тіреді. Үздік спикерлер болып: 11 «Ә» сынып оқушылары Шәріпбек Айгерім және Төлегенова Мөлдір танылды.
Дебатқа деген қызығушылықты артттыру мақсатында білім алушылар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Ел ертеңі жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабынан қалыспайтын, ұтқыр ойлы, шешен тілді жастарымыз көп болсын!