№30 мектеп-гимназиясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде "Ұлттың дамуы, ұлттық бірегейлікті сақтау" бағыты аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әкемнің мамандығын мақтан етемін» тақырыбында отбасылық байқау өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша үздік бейнеролик түсіріп, әкесінің мамандығын мақтан еткен оқушылар жүлделі орын иеленіп, мадақтама грамоталарымен марапатталды. Бас жүлдені 9 "Б" сынып оқушысы Агатаев Алибек, І орынды 3 «Ә» сынып оқушысы Жұман Әбубакр, ІІ орынды 3 «Ж» сынып оқушысы Есенгелді Жания жәнежүлделі ІІІ орынды 3 «В» сынып оқушысы Мусалиева Ұлбосын иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!