"Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу"
22.01.21жыл күні № 30 мектеп - гимназиясында "Зияткерлік тәрбие және ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу" айлығы барысында 4 сынып оқушыларының арасында "Білімді мыңды жығар" тақырыбында зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар түрлі логикалық сұрақтарға, жаратылыстану бағыты бойынша жаңалықтар, тіл мәдениеті мен математикалық есептеулерден қойылған сұрақтармен тапсырмаларға ерекше алғырлықпен жауап беріп, жинаған ұпай сандарына қарай жүлделі орындармен марапатталды.